
Қабылдау комиссиясының талапкерлермен әңгімелесу өткізу рәсіміне комплаенс-мониторинг жүргізілді
2026 жылғы 31 тамызда Талдықорған сервис және технология колледжінің педагогикалық кеңесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер Кеңесбай Елжас Талғатұлы «Білім беру процесінің ашықтығын қамтамасыз ету: лауазымдық жауапкершілік, академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндама барысында 2026–2027 оқу жылындағы комплаенс-қызметтің негізгі басымдықтары белгіленді. Атап айтқанда, қызметкерлердің еңбекақысын есептеудің ашықтығы, педагогтердің тарификациясы мен оқу жүктемесін объективті бөлу, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін орындауы, академиялық адалдық қағидаттарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар педагогтерден электрондық жүйелерде бар мәліметтерді негізсіз қағаз түрінде қайта талап етуге жол бермеу, білім алушылардың құқықтарын қорғау, студенттердің психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және профилактикалық жұмысты күшейту мәселелері көтерілді.
Білім алушылардан, ата-аналардан және талапкерлерден олардың құқықтарының ықтимал бұзылуы туралы өтініштер мен шағымдар түскен жағдайда ақпаратты уақтылы қарау және қажет болған жағдайда комплаенс-офицерге хабарлау қажеттілігі атап өтілді.
2026–2027 оқу жылында комплаенс-қызмет жұмысының негізгі бағыты құқық бұзушылық орын алғаннан кейін әрекет етуге емес, сыбайлас жемқорлық және өзге де тәуекелдерді алдын ала анықтауға, олардың себептерін жоюға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталатын болады.
«Біздің міндетіміз – мәселе туындағаннан кейін кінәліні іздеу емес, мәселені алдын ала анықтап, оның құқық бұзушылыққа айналуына жол бермейтін жүйе қалыптастыру».
#1COLLEGETKSIT #1COLLEGE #Комплаенс #Антикоррупция #СыбайласЖемқорлыққаҚарсы #ҚабылдауКомиссиясы #Адалдық #Талапкерлер2026 #OQU #eGov #AntiCorruption















