
Колледжде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық жұмыстар жүргізілді

«Таза сессия» акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Колледждің материалдық-техникалық жағдайын бақылау, ғимараттар мен нысандардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету, ағымдағы жөндеу жұмыстарына қажеттілікті анықтау, сондай-ақ техника қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеру мақсатында колледж аумағындағы оқу корпусы, жатақхана, өндірістік шеберханалар, аумақ және кіру-шығу орындарына мониторинг жүргізілді.
Мониторинг барысында ғимараттар мен нысандардың жалпы жағдайы қаралып, ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет ететін учаскелер анықталды. Сонымен қатар еңбек қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігі талаптарының сақталу деңгейіне талдау жасалып, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті ұсынымдар берілді.
Мониторингке қатысқандар:
- Кәсіподақ өкілі – Ахмедова А.А.;
- Шаруашылық меңгерушісі (завхоз) – Баймулдаев М.У.;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс-офицер – Кеңесбай Е.Т.
Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған мәселелерді кезең-кезеңімен жою және колледж нысандарының қауіпсіз әрі қолайлы жағдайын қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.




















