2024 жылы 22-26 қаңтар аралығында Талдықорған сервис және технология колледжінде "Тамақтандыруды ұйымдастыру" құзыреттілік орталығының базасында 10130300 "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша кредиттік-модульдік оқыту технологиясының құжаттамасын әзірлеу тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Тағылымдаманың теориялық бөлігі 20-25 қаңтар аралығында онлайн (ZOOM платформасы) өткізілді, практикалық бөлім 26 қаңтар күні – офлайн форматында өткізілді. Семинардың мақсаты мен міндеттері: 10130300 "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша кредиттік-модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру.
Семинар соңында, семинарға қатысушылар өздерінің негізгі идеялары мен ұсыныстарымен бөлісті.
Пікірлер
Қали Айгерім
09 Ақп 2024Облыстық семинар жақсы деңгейде ұйымдастырылды, колледждеріңіздің "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығының ұстаздарына алғысымыз шексіз! Алдағы уақытта тағыда осындай жоғары деңгейдегі семинарларға шақырады деген үміттемін! Рахмет
TKSIT.EDU.KZ
09 Ақп 2024Сәлеметсізбе, Айгерим! Кері байланысқа шыққаныңызға қуаныштымыз! Алдағы уақытта ұйымдастырылатын іс-шаралар бойынша сіздерге хабарлап отырамыз. Рахмет.