БҰЙРЫҚ
«_____»___________2021 ж.
Талдықорған қаласы
Талдықорған сервис және технология колледжінің жұмысқа орналастыру және мансап орталығы туралы
Талдықорған сервис және технология колледжінің білім алушыларын, бітіруші түлектерін мансаптық өсуіне және кәсіби дамуына ықпал ететін тиімді жүйені құру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
- Талдықорған сервис және технология колледжінің жұмысқа орналастыру және мансап орталығының ережесі құрастырылып, бекітілсін;
- Талдықорған сервис және технология колледжінің жұмысқа орналастыру және мансап орталығының құрамы жасақталсын;
- Талдықорған сервис және технология колледжінің жұмысқа орналастыру және мансап орталығының жұмыс жоспары құрылып, бекітілсін;
- Жоспар бойынша Талдықорған сервис және технология колледжінің жұмысқа орналастыру және мансап орталығының жұмыстары жүргізілсін.
- Мектеп оқушылары арасында кәсіптік бағдар жұмыстарын ұйымдастыру директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.У.Аппасоваға жүктелсін.
- Талдықорған сервис және технология колледжінің жұмысқа орналастыру және мансап орталығының жұмыстарына басшылық жасау директордың кәсіптік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Г.С.Тасымбековаға тапсырылсын.
- Осы бұйрықтын орындалуын қадағалау директордын оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары М.А.Исламоваға жүктелсін.
Колледж директоры: Л.Т.Базаркулова
І. Жалпы ереже
1.1. Осы Ереже жұмысқа орналастыру және мансап орталығының қызметін реттейді.
1.2. Жұмысқа орналастыру және мансап орталығы Талдықорған сервис және технология колледжінің бөлімі болып табылады. Білім алушылардың кәсіптік практикасы және түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша колледж жұмысын ұйымдастыруды үйлестіруші және бақылайтын ұйым болып табылады. Осы құрылымдық орталық Қазақстан Республикасы әкімдіктерінің жанындағы халықты жұмыспен қамту орталықтарымен, мекемелермен, кәсіпорындармен байланыс жасайды. Жұмысқа орналастыру және мансап орталығы экономиканың практикалық қажеттіліктеріне және еңбек нарығындағы мамандардың нақты сұранысына сәйкес студенттердің оқудан бос уақытында жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі.
1.3. Орталық Талдықорған сервис және технология колледжінің Жарғысына сәйкес жұмыс істейді.
1.4. Жұмысқа орналастыру және мансап орталығы өз қызметінде мыналарды басшылыққа алады:
- «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- ҚР БҒМ нормативтік-нұсқаулық құжаттары;
- Талдықорған сервис және технология колледжінің ережесі;
- Талдықорған сервис және технология колледжінің сапа саласындағы саясаты, мақсаты;
- Талдықорған сервис және технология колледжінің директорының бұйрықтары, өкімдері;
- Талдықорған сервис және технология колледжінің педагокикалық кеңесінің шешімдері;
- Талдықорған сервис және технология колледжінің ішкі нормативтік құжаттары;
- Жұмысқа орналастыру және мансап орталығының ережесін.
ІІ. Жұмысқа орналастыру және мансап орталығының миссиясы, мақсаты, негізгі міндеттері және негізгі бағыттары.
2.1. Жұмысқа орналастыру және мансап орталығының миссиясы: Талдықорған сервис және технология колледжі түлегінің тиімді мансаптық траекториясын жүзеге асыру.
2.2. Жұмысқа орналастыру және мансап орталығының мақсаты:
- Еңбек нарығына сәйкес мамандық таңдауға көмектесу;
- Еңбек нарығында талап етілетін білім алушылардың жеке дағдыларын дамыту;
- Білім алушылардың, бітіруші түлектердің, маманның мансаптық өсуіне және кәсіби дамуына ықпал ететін тиімді жүйені құру;
- Еңбек нарығының талаптарына сәйкес түлектердің және маманның кәсіби шеберліктерін дамыту үшін жағдайлар жасау.
2.3. Жұмысқа орналастыру және мансап орталығының негізгі міндеттері:
- бизнес-құрылымдармен ынтымақтастықты дамыту және жүзеге асыру;
- жұмысқа орналастыру және мансапты қадағалау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
- Талдықорған сервис және технология колледжінің бітіруші түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
- жұмыс берушілерді оқу процесіне тарту;
- білім алушылар мен түлектерді жұмысқа орналастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- Талдықорған сервис және технология колледжінде оқыған түлектердің мансабын қадағалау үшін олармен байланыс орнату, қолдау және дамыту;
- компанияларда кәсіби іріктеуден өтуге дайындық, жұмысқа қабылдау кезінде түйіндеме жазу және сұхбат алу бойынша тренингтер ұйымдастыру;
- еңбек нарығын талдау және нарықтың даму үрдістері және жұмыс берушілердің мамандарға қоятын талаптары туралы ақпаратты талдау;
- Орталықтың құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсініктемелер беру.
- Өз қызметін материалдық-техникалық құралдардың көмегімен де, орталықтың әрбір қызметкерінің біліктілігі мен жауапкершілігінің жоғары деңгейімен жетілдіру.
2.4. Жұмысқа орналастыру және мансап орталығының қызметінің негізгі бағыттары:
- Білім алушылардың кәсіптік тәжірибесі;
- Білім алушылар мен түлектердің жұмысқа орналасуы;
- Әлеуметтік серіктестіктермен тығыз қарым-қатынас орнату;
- Дуальды оқыту жұмыстары.
ІІІ. Функциялары
Жұмысқа орналастыру және мансап орталығының негізгі функциялары:
- 1 Талдықорған сервис және технология колледжінің нақты даярлау бағыттары (мамандықтар) түлектерінің нақты сұранысына сүйене отырып, колледждің жұмыспен қамту жүйесін ұйымдастыру, білім алушыларды еңбек нарығына бейімдеу және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
- 2 Жұмыс берушілердің тиісті даярлау бағыттары (мамандықтары) бойынша ұсынатын бос жұмыс орындарының деректер базасын және колледж студенттері-ізденушілердің кәсіби құзыреттері мен жеке ерекшеліктері туралы ақпаратты қамтитын деректер базасын қалыптастыру.
- 3 Білім алушылардың уақытша жұмыс іздеуін және жұмысқа орналасуын ұйымдастыру, еңбек нарығындағы жағдай және қойылатын талаптар туралы кеңес беру (жұмыс орындарын ізденушілерге түйіндеме, жұмысқа орналастыру кезінде олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру).
- 4 Іс-шараларды өткізу (Талдықорған сервис және технология колледжінің түлектерін бөлу мәселелері бойынша бос орындар жәрмеңкелері, халықты жұмыспен қамту қызметтерінің, ұйымдардың, кәсіпорындардың өкілдерімен кеңестер мен дөңгелек үстелдер, конференциялар).
- 5 Білім алушыларды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша мемлекеттік билік және жергілікті өзін - өзі басқару органдарымен, жұмыс беруші кәсіпорындармен (ұйымдармен, мекемелермен), кәсіптік одақтармен және қауымдастықтармен, жастардың қоғамдық және қоғамдық-саяси ұйымдарымен ынтымақтастықты ұйымдастыру.
Талдықорған сервис және технология колледжінің жұмысқа орналастыру және мансап орталығының құрамы
№ |
Аты-жөні |
Лауазымы |
1. |
Тасымбекова Галия Слямхановна |
Директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары, орталық төрайымы |
2. |
Исламова Молдир Анвархановна |
Директордың өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары, орталық мүшесі |
3. |
Аппасова Раушан Уйсиновна |
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, орталық мүшесі |
4. |
Бырышева Елена Александровна |
Бөлім меңгерушісі, орталық мүшесі |
5. |
Хаустова Елена Владимировна |
10120100 «Шаштараз өнері» мамандығы бойынша циклдық комиссия төрайымы, орталық мүшесі |
6. |
Истина Ирина Алексеевна |
10130300 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша циклдық комиссия төрайымы, орталық мүшесі |
7. |
Кокенова Бахытгуль Джумабаевна |
07230100 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша циклдық комиссия төрайымы, орталық мүшесі |
8. |
Ибрагимова Куляш Мырасовна |
Оқу бөлімінің хатшысы, орталық хатшысы |
Талдықорған сервис және технология колледжінің жұмысқа орналастыру және мансап орталығының 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
Іс-шара атауы |
Орындалу уақыты |
Жауаптылар |
Жұмысқа орналастыру және мансап орталығының жұмыс жоспарын құрастырып, бекіту |
қыркүйек |
ЖОжМО |
Жұмысқа орналастыру және мансап орталығының құрамын жасақтау |
қыркүйек |
ЖОжМО |
Жұмысқа орналастыру және мансап орталығының ережесін бекіту |
қыркүйек |
ЖОжМО |
Орта білім беру ұйымдары түлектерінің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін оқу орындарына түспеген, сондай-ақ ҰБТ-ның шекті балын жинай алмаған түлектерінің тізімін білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға ұсыну |
тамыз |
ЖОжМО |
Жастар ресурстық орталығына жастар арасында кәсіптік бағдар беру, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мақсатында орта білім беру ұйымдары түлектерінің, сондай-ақ проблемалы жастардың тізімін ұсыну |
тамыз |
ЖОжМО |
Білім беру ұйымдарының түлектері туралы бірыңғай ақпараттық порталды әзірлеу және толықтырулар жүргізу |
жыл бойы |
ЖОжМО |
Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ұсынатын ақпараттық стендте және білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурсында еңбек нарығының жай-күйі, мекемелер мен ұйымдардағы бос жұмыс орындары туралы ақпараттарды орналастыру |
жыл бойы |
ЖОжМО |
Білім беру ұйымдарының түлектеріне кәсіптік бағдар беру, психологиялық қолдау көрсету, әлеуметтік бейімдеу, кәсіптік мансапты жоспарлау бойынша жан-жақты білікті көмек көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру |
жыл бойы |
ЖОжМО |
Білім беру ұйымдарының түлектерін халықты жұмыспен қамту орталықтарына жұмыс берушілер ұсынатын бос жұмыс орындары бар «Жұмыс орындары» интернет порталымен, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің бос орындарымен таныстыру |
жыл бойы |
ЖОжМО |
Сауалнамаларды толтыру, түйіндеме жасау, электрондық дерекқорды жаңарту және осы ақпаратты білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жіберу арқылы жұмыс іздеу процесінде тұрған бітірушілер санының деректер қорын қалыптастыру |
|
ЖОжМО |
Бітірушілер тобының студенттеріне жұмысқа орналасу мәселелері, оның ішінде алған мамандығы, жұмысты таңдау кезінде ынталандыру, білім беру ұйымдарында алған кәсіптік білім деңгейі бойынша сауалнама жүргізу |
қараша-сәуір |
ЖОжМО |
Білім беру ұйымдарының бітірушілеріне сауалнама жүргізу негізінде бітірушілердің жұмысқа орналасу мүмкіндігіне болжамды талдау жасау |
қараша-сәуір |
ЖОжМО |
Еңбек нарығын, нарықтың даму үрдістері және жұмыс берушілердің мамандарға қоятын талаптары туралы ақпаратты талдау |
жыл бойы |
ЖОжМО |
Проблемалы жастарға білім алу және одан әрі жұмысқа орналасу мәселелері бойынша сауалнама жүргізу |
желтоқсан-наурыз |
ЖОжМО |
Жұмысқа қабылдау кезінде түйіндеме жазу және сұхбат алу бойынша тренингтер ұйымдастыру |
қазан-мамыр |
ЖОжМО |
Жұмысқа орналастыру және мансап орталығының мүшелерінің отырысын ұйымдастыру |
қараша-сәуір |
ЖОжМО |
Жұмысқа орналастыру орындарын анықтау, еңбек нарығында түлектерді бейімдеу бойынша жұмыстар жүргізу мақсатында «Бос орындар жәрмеңкесін» ұйымдастыру |
мамыр-маусым |
ЖОжМО |
Талдықорған сервис және технология колледжінің жұмысқа орналастыру және мансап орталығының төрайымы: Тасымбекова Г.С. | 87773576259