БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
Жетісу облысы., 040000, Талдықорған қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 173
8 (7282) 30-87-46
8 (7282) 30-87-30
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ
ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК
AA+
Аккордеон

Колледждің қабылдау кеңсесіне тапсыратын құжаттар:

1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;

2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (Аттестат);

3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;

4) № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындыны;

5) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).

Электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталына тапсырғанда:

1) көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жері көрсетілген, оның өкілінің ЭЦҚ қойылған көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе оның заңды өкілдерінің) бірінің электрондық құжат нысанындағы өтініші;

2) білімі туралы құжаттың немесе білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесі;

3) № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысының электрондық көшірмелері;

4) 3x4 см көлеміндегі фотосурет;

5) Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық үкімет шлюзі арқылы алады.

Қабылдау комиссиясы құжаттарды 25 маусымнан 25 тамызға дейін қабылдайды.

Жетісу облысы, Талдықорған қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 173/2 блок. Қабылдау комиссиясының телефоны: Тел/факс: 8 (7282) 30–87–30

Иә. Басқа колледждерден ауысу тек демалыс уақытында жүзеге асырылады. Ол үшін онлайн өтініш бере аласыз https://egov.kz/cms/ru/services/professional_education/perevod_1 немесе біздің колледжде жеке басын куәландыратын құжаты және бағалау кітапшасының көшірмесі бар өтініш жазу керек. Әр студентті ауыстыру мәселесі жеке шешіледі

Иә, колледж студенттерге жатақханада тұруға мүмкіндік береді

Қысқы демалыс — қаңтарда; жазғы демалыс — шілде айының басынан бастап

Топтағы студенттер саны әдетте 20-25 адамды құрайды

Иә, бізде бес күндік оқу жүйесі, оқу үрдісі 1 ауысымда жүреді.