ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗБЕСІ
Колледждің қабылдау кеңсесіне тапсыратын құжаттар:
1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (Аттестат);
3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
4) № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындыны;
5) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).
Электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталына тапсырғанда:
1) көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жері көрсетілген, оның өкілінің ЭЦҚ қойылған көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе оның заңды өкілдерінің) бірінің электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) білімі туралы құжаттың немесе білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
3) № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысының электрондық көшірмелері;
4) 3x4 см көлеміндегі фотосурет;
5) Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық үкімет шлюзі арқылы алады.
Өз болашағынды жетістікке бағдарламала!