Жаңалықтар
- Қаралды: 24
13 қаңтарда "Қысқы педагогикалық оқулар" аясында колледжде "Әдістемелік күн" өтті. Әдістемелік күні барысында келесі семинарлар өткізілді: «Сабақ құрылымы мен бағалау үдерісін тиімді жоспарлау жолдары», «Оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеу». Сабақ жоспарларына талдау жүргізілді, мұғалімдер оқу материалдары мен сабақ жоспарларын жасау тәжірибесімен бөлісті.
- Қаралды: 20
19.12.2025 жылы Сарқан политехникалық колледжі және Сарқан көпсалалы колледжінің ұйымдастыруымен "STUDFEST" "2025 жыл - жұмысшы мамандықтар жылы" аясында облыстық колледж білім алушылар арасында салауатты өмір салтын ұстануға және әлеуметтік белсенділіктерін арттыру мақсатында өткен "TSI NOURISM SPORTS INTELLECTUAL KBECT" жарысында Біздің команда ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Белижанов Дәулет Сайлауович Құтты болсын!
- Қаралды: 23
Талдықорған сервис және технология колледжі «Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Айналайын» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығында өткен маңызды іс-шараға қатысты. Іс-шара барысында колледж өкілдері құрметті қонақ ретінде шақырылып, тәрбиеленушілерге арналған кәсіби бағдар бағытындағы жаңа шағын сыныптардың салтанатты ашылуына қатысты. Шара аясында Талдықорған сервис және технология колледжі мен «Айналайын» балаларды қолдау орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
- Қаралды: 22
Талдықорған сервис және технология колледжінің жарқын жеңісі! Астана қаласында өткен WorldSkills Kazakhstan 2025 республикалық чемпионатында біздік колледждің білім алушылары жеңіске жетті!
- Қаралды: 21
ҚР тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күніне орай жастар арасында өткен “Тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз” атты қалалық мәнерлеп оқу байқауында “Талдықорған сервис және технология колледжінің” 2 курс студенті Сатылхан Ұлпан жүлделі ІІІ орынға ие болды. Ұлпанның шығармашылығына қолдау көрсетіп, дайындықтарына үлес қосқан жетекшісі Рахатова Асем Болатовнаға алғыс білдіреміз!
- Қаралды: 24
«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Jet Up League» атты студенттер арасындағы
шағын футболдан турнир өтті. Қала колледждері мен жоғары оқу орындары арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған «Jet Up League» студенттік шағын футбол турнирі өз мәресіне жетті. Шара жастар арасында спорт мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сананы күшейту және зиянды әдеттерден алшақ болуға үндеу мақсатында ұйымдастырылды. Бұл жолғы додада қала бойынша 12 команда бақ сынап, барлығы 130-ға жуық қатысушы өзара мықтыны анықтады. Турнир командалық рухты, тәртіп пен жауапкершілікті нығайтып, жастарға пайдалы әрі мазмұнды уақыт сыйлады.
- Қаралды: 25
25.11.2025 күні Талдықорған жоғары аграрлық-технологиялық колледжі базасында Жетісу облысы Білім басқармасы мен Әдістемелік орталығының қолдауымен өткен «Табысты білім алушыға — талапты оқытушы» республикалық бенчмаркингінде маңызды нәтиже тіркелді. Талдықорған сервис және технология колледжінің арнайы пән оқытушысы Тәукебаева Балғын Базарханқызы 1-орынды жеңіп алды!
- Қаралды: 27
Сүйінші! Халықаралық жеңіс! Біздің шебер — Әлем чемпионатында III орын иеленді!
2025 жылдың 20–23 қарашасы аралығында Сочи қаласында өткен сән индустриясының ең беделді додаларының бірі — «Подиум Планеты» Әлем чемпионатында (G.KOT-2025)
Талдықорған сервис және технология колледжінің өндірістік оқыту шебері Хаустова Елена Владимировна @khaust2772
жүлделі III орынға ие болды!
- Қаралды: 97
2025 жылғы 21 қараша күні жалпы білім беретін пәндер апталығы аясында «Оқу сабақтарын жоспарлауда SCAFFOLD әдістемесін қолдану» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
SCAFFOLD әдістемесі — педагогтарға оқу процесін тиімді құруға, сабақтарды жүйелі жоспарлауға және нақты оқу нәтижелеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін заманауи және инновациялық құрал. Уникалды колодада 100-ден астам карточка бар және ол пәніне қарамастан барлық педагогтарға қолайлы. Бұл құрал педагогтардың шығармашылық қабілетін дамытуға, сабақтарды жоспарлауда саналы шешім қабылдауға, оқыту барысында оқушылардың белсенділігін арттыруға және оқу нәтижелерін объективті бағалауға бағытталған.
- Қаралды: 133
Бүгін — кәсіби білім алып жатқан студенттерді, тәжірибелі ұстаздар мен өндірістік оқыту шеберлерін, сондай-ақ колледж түлектерін құттықтайтын ерекше күн! Біздің колледж — бұл тек білім ордасы ғана емес, бұл – команда, дәстүр, еңбек және жарқын болашақтың жолы!
- Қаралды: 133
Талдықорған сервис және технология колледжі 2025 жылдың 30 қыркүйегінде тағам өндірісі мен қызмет көрсету саласының білім беру ұйымдары арасында өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында төртжақты меморандумға қол қойылды.
* Аталған құжатқа:
- Астана қаласының Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі @kopis.astana
- Алматы облыстық қызмет көрсету және тамақтандыру саласы инновациялық технологиялар колледжі @aokitvssip
- Алматы технологиялық колледжі қол қойды @atc_almaty
- Қаралды: 173
2025 жылдың 22 қыркүйек айында «Талдықорған сервис және технология колледжінде» студенттер арасында құқықбұзушылық, лудомания, буллинг және есірткіге қарсы күрес тақырыптарында кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Талдықорған қалалық полиция басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Мейрбеков Канат Калмыканович, «LIDER.KZ» волонтерлік орталығы филиалының басшысы Корниенко Элла Александровна және колледж директоры Исламова Молдир Анвархановна қатысты. Кездесу барысында студенттерге құқықбұзушылықтың қоғамға тигізетін зияны, лудомания мен буллингтің жастардың психологиялық және әлеуметтік дамуына әсері, сондай-ақ есірткі заттарының адам өміріне қауіптілігі туралы кеңінен түсіндірілді. Шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау. Кездесу соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.
- Қаралды: 136
2025 жылдың 20 қыркүйегі Талдықорған сервис және технология колледжінің ұжымы жалпы Республикалық “Таза сенбі” акциясына белсене қатысты.
Күзгі санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, туған өлкеміздің табиғатын қорғауға өз үлесін қосты.
Таза Қазақстан – Таза Болашақ!
- Қаралды: 190
2025 жылдың 18-20 қыркүйек күндері Алматы қаласында өткен Республикалық “Jasskills Kazakhstan 2025” жұмысшы мамандықтарын мектеп қабырғасында насихаттау мақсатындағы «One School – One Skill» (Бір мектеп – бір дағды) жобасы аясында үлкен жетістікке қол жеткізілді.
Жетісу облысы білім басқармасы мен Талдықорған сервис және технология колледжінің өндірістік оқыту шебері Хаустова Елена Владимировнаның жетекшілігімен, Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушісі, №16 орта мектеп-гимназиясының оқушысы Тоболова Диана «Шаштараз ісі» құзіреттілігі бойынша байқауға қатысып, жүлделі “Күміс” медальға ие болды.
- Қаралды: 160
Хабарландыру | Бос жұмыс орындарының нәтижесі 26.08.2025
Хабарландыру | КОНКУРС
"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған сервис және технология колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны төменде көрсетілген бос лауазымдарға конкурс жариялайды
- Қаралды: 224
Талдықорған сервис және технология колледжінің жеңісі!
2025 жылғы 29 мамырда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтері арасында өткен облыстық спартакиадада "Талдықорған сервис және технология колледжі" ШЖҚ МКК командасы үстел теннисінен 1 орынды иеленді! Бұл жарыстың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дамыту және педагогтер арасында кәсіби байланысты нығайту. Спартакиада аясында волейбол, баскетбол, шағын футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ және арқан тарту сынды спорт түрлерінен жарыстар өтіп жатыр. Қатысушылар өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетіп, командалық рух пен белсенділіктің үлгісін танытуда. Жеңіске жеткен әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Колледжіміздің атын асқақтатып жүрген барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
#Спартакиада2025 #ТСТКолледжі #Жеңіс #ҮстелТеннисі #СалауаттыӨмірСалты #МұғалімдерСпортта
2024 жылдың сәуір-мамыр айларында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы («Кондитер-безендіруші» біліктілігі) бойынша оқитын С34П, С33П, С32П және Т11К топтарының студенттері кәсіби модуль аясында демонстрациялық емтихан тапсырды.
Бұл емтихандар студенттердің тек теориялық білімін ғана емес, практикалық шеберлігін де бағалауға бағытталды. Болашақ кондитерлер заманауи талаптарға сай стильді әрі дәмді өнімдер әзірлеп, шеберліктерін барынша көрсетті.
* Емтихан тапсырмалары қатарында:
-
Бенто торттар дайындау
-
«Флора және фауна» тақырыбындағы мастика бұйымдарын жасау
-
Шығармашылық дизайн, заманауи трендтерге сәйкестік, дәмі мен көркем безендірілуіне ерекше мән беру
- Қаралды: 228
“Сервис және қызмет көрсету” саласы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтері арасындағы Республикалық кәсіби шеберлік байқауында Жетісу облысының намысын лайықты қорғаған педагогтерімізге зор алғыс білдіреміз!
* Талдықорған сервис және технология колледжінен 3 құзыреттілік бойынша қатысты.
- Қаралды: 168
2025 жылдың 30 мамыр күні «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы («Кондитер-безендіруші» біліктілігі) бойынша оқитын С34П, С33П, С32П және Т11К топтарының студенттері кәсіби модуль аясында "Кондитер-безендіруші" тақырыбында шебер сыныбы өтті.
Бұл студенттердің тек теориялық білімін ғана емес, практикалық шеберлігін де бағалауға бағытталды. Болашақ кондитерлер заманауи талаптарға сай стильді әрі дәмді өнімдер әзірлеп, шеберліктерін барынша көрсетті.
* Шебер сынып тапсырмалары қатарында:
-
Бенто торттар дайындау
-
«Флора және фауна» тақырыбындағы мастика бұйымдарын жасау
-
Шығармашылық дизайн, заманауи трендтерге сәйкестік, дәмі мен көркем безендірілуіне ерекше мән беру
РУС
ENG
ҚАЗ