2025 жылдың 22 қыркүйек айында «Талдықорған сервис және технология колледжінде» студенттер арасында құқықбұзушылық, лудомания, буллинг және есірткіге қарсы күрес тақырыптарында кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Талдықорған қалалық полиция басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Мейрбеков Канат Калмыканович, «LIDER.KZ» волонтерлік орталығы филиалының басшысы Корниенко Элла Александровна және колледж директоры Исламова Молдир Анвархановна қатысты. Кездесу барысында студенттерге құқықбұзушылықтың қоғамға тигізетін зияны, лудомания мен буллингтің жастардың психологиялық және әлеуметтік дамуына әсері, сондай-ақ есірткі заттарының адам өміріне қауіптілігі туралы кеңінен түсіндірілді. Шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау. Кездесу соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.
Пікірлер қосу