Жаңалықтар
![](/images/news/01-news2023/13-kezdesu/6.jpg)
- Қаралды: 361
18 мамыр 2023ж. «Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдастыруымен Жетісу құрылыс-техникалық колледжінде "Облыс экономикасының салаларындағы кадрларды даярлаудың проблемалық мәселелері және колледж түлектерін жұмыспен қамтудағы жаңа бастамалар" атты облыстық семинар өтті. Семинарға Жетісу облысының білім басқармасына қарасты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, басшыларының оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасарлары; Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасының өкілдері; колледждердің жұмыс берушілері мен әлеуметтік серіктестері қатысты. Мақсаты: Облыс экономикасының салаларындағы кадрларды даярлаудың проблемалық мәселелерін талқылау және колледж түлектерін жұмыспен қамтудағы жаңа бастамалар көтеру.
![](/images/news/01-news2023/12-kezdesu/4.jpeg)
- Қаралды: 327
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы «25» қарашадағы № «478» бұйрығы негізінде Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарының білім алушылары үшін жұмысшы біліктілігі бойынша эксперименттік білім беру бағдарламаларын енгізуді жүзеге асыру мақсатында Талдықорған сервис және технология колледжі директорының оқу өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Исламова М.А. және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Калиничева Л.В. Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясының 9-сынып ата-аналарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Исламова М.А. аталған бағдарламаның оқушыларға беретін мүмкіндіктерін айтты.
![](/images/news/01-news2023/11-dictant/whatsapp%20image%202023-05-04%20at%2011.27.50.jpeg)
- Қаралды: 331
Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында мамырдың 4 күні Талдықорған сервис және технология колледж студенттердің қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант өткізілді. Мақсат - ел егемендігі мен Тәуелсіздігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен қасиеттерді бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу және мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
![](/images/news/01-news2023/10-worldskills/fon23.jpg)
Ағымдағы жылдың 17-21 сәуір аралығында өткен Worldskills Zhetysu 2023 аймақтық чемпионатында Талдықорған сервис және технология колледжінің 10 студенті 5 құзіреттілік бойынша 3 алтын, 4 күміс және 3 қола медальға ие болды.
![](/images/news/01-news2023/8-masterskills/image00097.jpg)
2023 жылдың 07 сәуірінде Талдықорған сервис және технология колледжінің құзыреттілік орталығы базасында Жетісу облысының өндірістік оқыту шеберлері арасында «Тағам дизайнының заманауи өнері» тақырыбында MasterSkills облыстық кәсіби шеберлік байқауы өтті. MasterSkills мақсаты: педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін көрсету және оны одан әрі жетілдіру. Шебер-skills кәсіби түрдегі достық жағдайда өтті. Байқауға қатысушылар ыңғайлы, жақсы ұйымдастырылған жағдайда жұмыс істеді. Алаңның материалдық-техникалық жабдықталуы тамақ дайындаудың әртүрлі техника-технологиялық әдістерін қолдануға мүмкіндік берді.
![](/images/news/01-news2023/7-musei-3/whatsapp%20image%202023-04-12%20at%2014.47.43.jpeg)
- Қаралды: 248
2023 жылдың 12 сәуір күні қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың 125 жасқа толу мерейтойына орай, Жетісу облысы М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен, «Өнер мен ғылым бір ағаштың бұтақтары» атты көрме ұйымдастырылды. Бұл көрмеге, колледж кітапханашысы Исабекова Р.Б. жетекшілігімен, Талдықорған сервис және технология колледжінің С 12П топ суденттері белсене қатысты. Жас ұрпақ бойына салт-дәстүрімізді қалыптастыру мақсатында, мұнда тереңнен тамыр тартатын дәстүріміздегі ұлттық қолөнеріміз бен тәрбиелік мазмұндағы рухани құндылықтарымыз қойылды.
![](/images/news/01-news2023/6-musei-2/whatsapp%20image%202023-04-12%20at%2014.30.34.jpeg)
- Қаралды: 335
Бүгін, 2023 жылдың 12 сәуірі – Ғарышкерлер күніне орай, Талдықорған сервис және технология колледжі С 12П топ студенттері, колледж кітапханашысы Исабекова Р.Б ұйымдастыруымен, қаламыздағы Жетісу облысының М.Тынышпайұлы атындағы тарихи өлкетану музейіне саяхат жасап қайтты. 1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанғанын, сөйтіп, Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр – ғарыш аймағына айналуын. Алғашқы ғарыш сапарынан кейінгі жылдары 500-ден аса ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізгенін тамашалады.
![](/images/news/01-news2023/5-musei/003.jpeg)
- Қаралды: 232
Қазақ халқы Наурыз тойын өткен ғасырларда өте үлкен мейрам ретінде дабыралы өткізген. Осы кезде оның дәстүрлі әдебиеті мен мәдениеті, әдет-ғұрпы, салт-санасы, өткен тарихы, бүгінгі мен болашағы көгенкөз жас буын ұрпаққа үгіттеліп отырған. Осы мақсат пен Талдықорған сервис және технология колледжінің С12П тобының студенттерімен, кітапханашы Исабекова Р.Б., арнайы пән оқытушысы Исатаева Б.Ж. ұйымдастыруымен, 2023 жылдың, 15 наурыз күні қаламыздағы М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейіне саяхат жасадық. Олар «Келінге кимешек кигізу», «Тұсау кесу» рәсімдерін тамашалап, белгілі мәдениет қайраткерлерінің батасын алып, домбырада ән шырқалғанын тамашалап, наурызға арналып жайылған дастарханнан дәм татып қайтты. Қазақтың «Баталы ұл арымас, батасыз құл жарымас» деген мақалы осы шындықты растайды.
![](/images/news/01-news2023/4-konkurs-worldskills/ehgp6578.jpg)
2023 жылдың 3 наурызында Талдықорған сервис және технология колледжінің құзыреттілік орталығы базасында Жетісу облысы колледждерінің білім алушылары арасында WorldSkills стандартын ескере отырып, облыстық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Облыстық кәсіби шеберлік байқауының мақсаты - WorldSkills Taldykorgan өңірлік чемпионатына одан әрі қатысу үшін «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша үздік білім алушыларды анықтау болып табылады.
![](/images/news/01-news2023/01-foto/2-qrkitap.jpg)
- Қаралды: 266
Бүгінде кітапхана қызметінің негізгі бағыттарының бірі – пайдаланушылар үшін кітапханамыздың бай көркем әдебиет қорын ашу, кітап оқуға деген қызығушылықты ояту; классикалық және заманауи, отандық және әлемдік әдебиет туындыларына деген қол жетімділікті кеңейту. Осы мақсатта, Талдықорған сервис және технология колледжі кітапханасы «Электрондық стеллаж» жүйесін іске қосты.
![](/images/news/01-news2023/3-nedelya-povar1/2023-02-28%2009.26.51%2012.jpg)
- Қаралды: 602
Бүгін 28.02.2023 жылы Талдықорған сервис және технология колледжінің өндірістік оқыту шебері А.Б.Сабыржанова "Кондитерлік өнімдерді шоколадпен безендіру" тақырыбында өндірістік оқытудан С32П тобымен ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында шоколад температурасын тұрақтандыру көрсетіліп, шоколадтан бұйымдар дайындау тәсілдері үйретілді.
Пресс-релиз
27.02.2023 жылы колледж фойесінде С31П, С21П топтарының жетекшілігімен «Аспаздық сиқыр апталығы» атты тақырыптық жиын өтті. Іс-шараның міндеті - білім алушылардың «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы туралы бұрыннан бар білімдері мен қызығушылықтарын арттыру, бекіту, нақтылау және толықтыру.
![](/images/news/01-news2023/2-nedelya-portnoi/1.jpeg)
- Қаралды: 255
20.02.2023ж. апталық аясында «Тігін өндірісі және киімді модельдеу» мамандығы бойынша «Адамдар шеберлікпен туылмайды, алған шеберлігімен мақтанады. Ертегі әлеміне саяхат» атты тақырыптық жиын өтті. Ө/о шебері Д.А.Қамысбаева.
![](/images/news/01-news2023/1-nedelya-portnoi/6.jpg)
24.02.2023 жылы Сервис және технология колледжінде 07230100 «Тігін өндірісі және киімді модельдеу» мамандығы бойынша циклдік комиссия апталығы аясында «Кинусайга – инесіз пэчворк» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатын өткізген - өндірістік оқыту шебері Стасюкова Ольга Владимировна. Оған С21ПУ, С22ПУ, С 31ПУ топтары қатысты. Шеберлік сағатының мақсаты - студенттерді жапондық лоскутты картиналар жасау техникасымен таныстыру, шығармашылық пен қиялды дамыту.
![](/images/news/65-stajirovka-aqsu/1.jpg)
- Қаралды: 236
2023 жылы 23 ақпанда ТСжТК «Тамақтандыруды ұйымдастыру» құзыреттілік орталығында өндірістік оқыту шебері Б.Ж.Исатаева «Киев котлетінің дайындалу технологиясы» тақырыбында Ақсу политехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Г.Т. Темирханова мен 1 курс студенттеріне өз тәжірибесімен бөлісіп, өндірістік сабақ өткізді.
![](/images/news/63-augan/3.jpeg)
- Қаралды: 306
2023 жылдың 21 ақпанында Талдықорған сервис және технология колледжінің жалпы білім беру пәндер оқытушысы Абильтаев А.Т., психолог Жолдасова Ж.Ж.және колледж кітапханашысы Исабекова Р.Б. ұйымдастыруымен, С 11 ПМ тобы студенттерінің қатысуымен «Ауған соғыс ардагерлеріне – мың тағзым!» атты еске алу кеші өтті. 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.
![](/images/news/64-stajirovka-amk/4.jpg)
2023 жылғы 16-17 ақпанда біздің колледж базасында "Тамақтандыруды ұйымдастыру" құзыреттілік орталығында практикалық сабақтар түрінде студенттің тағылымдамасы өткізілді. Алакөл көпсалалы колледжінің 3 курс студенті @ edu_akk Глушкова Надежда @ _esscbrr_ шебері Р.Г. Мишенинмен бірлесе отырып, тағайындалған "Десерт" және "Ыстық ет тағамы"модульдері бойынша WorldSkills чемпионатына дайындалу үшін тағамдар әзірледі.
![](/images/news/60-stajirovka/img_3285.jpg)
Талдықорған сервис және технология колледжінде 2023 жылғы 23 қаңтар мен 02 ақпан аралығында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы құзыреттілік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, ауылдық колледждердің өндірістік оқыту шеберлері «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша «WorldSkills қозғалысының кәсіби стандарттарын «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының білім беру процесіне енгізу» тақырыбында 72 сағат көлемінде облыстық тағылымдамадан өтті.
![](/images/news/61-sotrudnichestvo/img_3259.jpg)
02.02.2023 ж. Талдықорған сервис және технология колледжі @tksit.life Алматы облысы мен Жетісу облыстарының Отельерлері мен Рестораторларының ассоциациясымен @ario_business өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум шеңберінде колледж студенттері мен бітірушілері өндірістік тәжірибеден өтіп қана қоймай, сонымен бірге жұмысқа орналастырылады. Ассоциация мен колледж арасындағы әріптестік тиімді және жемісті болады деп күтілуде.
![](/images/news/58-centr-competencii3/2.jpeg)
- Қаралды: 250
25.01.2023 ж., күні өндірістік оқыту шебері Исатаева Б.Ж. құзыреттілік орталығында облыстық тағылымдамаға белсене қатысты. Тақырыбы: Worldskills байқауына технологиялық карта құрастыру.