БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
Жетісу облысы., 040000, Талдықорған қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 173
8 (7282) 30-87-46
8 (7282) 30-87-30
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ
ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК
AA+

Хабарландыру | КОНКУРС

"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған сервис және технология колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны төменде көрсетілген бос лауазымдарға конкурс жариялайды

1) «Аспаз» біліктілігінің өндірістік оқыту шебері - 1 бірлік

2) «Кондитер» біліктілігінің өндірістік оқыту шебері - 1 бірлік

3) «Аспаз» біліктілігінің арнайы пән оқытушысы (0,5жүктеме) - 1 бірлік

4) Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы – 1 бірлік

5) Химия пәнінің оқытушысы – 1 бірлік

6) Информатика пәнінің оқытушысы – 1 бірлік

7) География пәнінің оқытушысы (0,13 жүктеме) – 1 бірлік

Конкурсқа қатысатын үміткерлер түйіндемесін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды почта арқылы жіберіп, «Enbek kz» порталына тіркелу керек.

Толық ақпарат алу үшін 8 (7282) 30-87-46 тел. нөміріне қоңырау шалыңыз.

Колледж мекен-жайы:  Талдықорған қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, құрылыс 173/2, блок А

Конкурс «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурсқа қатысуға өтінімдер хабарлама жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қабылданады.

Білім беру ұйымының кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары мен лауазымдық міндеттері:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» № 338 бұйрығына сәйкес.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).(анықтама 076)

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса).