Талдықорған қаласының «Мәдениет, тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының тіл сасатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қазақстан халқы тілдері күніне, Талдықорған қаласының 80 жылдығына орай үш тілді жетік меңгерген жастар арасындағы «Тіл шебері -2024» қалалық байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды анықтау және қолдау, тіл мәдениетін көтеру, үштілділікті насихаттау. Талдықорған сервис және технологи колледжінің 2-курс студенті Тухватуллина Альмина қатысты. Шара соңында барлық қатысушыларға сый-сияпат табысталып, арнайы дипломмен марапатталды. Үш тілді жетік меңгерген жастарымыздың қатары көбейіп, студенттерімізге сапалы білім нәрін беріп, бағыттаушы тәлімгерлері Бекова Л.С., Ускембаева А.Т., Сагадиева А.Т. алғыс хаттар берілді.