2024 жылдың 15 мамыр күні, «Жастар рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен, «Кітап – AMANAT» партиялық жобасы аясында, Теміржолшы, ағартушы-ғалым, саяси қоғам қайраткері, Алашорда қозғалысын құрушылардың бірі Мұхамеджан Тынышбаевқа 145 жыл!, толуына орай, «АМАНАТ» партиясы Жетісу облыстық филиалында жастармен кездесу ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға, «Оқуға құштар колледж» жобасы негізінде, Талдықорған сервис және технология колледжінің С 11П топ студенттері, кураторы Сетербаева Г.М бірге барып, кездесіп қайтты.Іс-шараның мақсаты: Аталған кездесуде, еліміздің болашағы жарқын болу үшін,ең алдымен жастарымыз білімді, кемел мінезді, ойы, сөзі, ісі бір,бәсекеге қабілетті, рухани деңгейі жоғары, кәсіби маман болуы қажет екендігі айтылды. Осындай деңгейге жету үшін кітап оқу керектігі насихатталды.