2024 жылдың 03 маусым күні Талдықорған сервис және технология колледжінің С11п, С12п, С11пм, С11до, С11пу топтарының студенттері арасында «Психобелсенді заттардың жастардың ағзасына зиянды әсері» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып сағатта топ жетекшілер жастар мен жасөспірімдерді жат қылықтардан аулақ болуға шақыру және салауатты өмір салтын насихаттау екеніне тоқталып, тақырып бойынша мәселелерді көтерді. Барысында, психобелсенді заттар түрлері мен олардың денсаулыққа тигізетін зияны және олармен күресу жолдарын қарастыру жайында сөз қозғады.
Білім алушыларға тақырып бойынша бейне ролик көрсетіліп, қойылған сұрақтарына жауап берілді. Бүгінгі сынып сағаты жастарға қоршаған орта мен денсаулықтарын күтіп, терең білім алып, саналы азамат болуға ұмтылуға ой тастады.