Жетісулық жастар диалог алаңында ЖШС Айсұлу тігін фабрикасының жұмысшы мамандықтарымен танысып, мамандықтың қыр-сыры, мүмкіндіктері мен қоғамдағы рөлі туралы пікір алмасты. Диалог алаңында Айсұлу тігін фабрикасының директоры Болатұлы Жарылқасын мырза тікелей жастарымызбен сұхбат құрып, тігін фабрикасына экскурсия жасап, таныстырды. Айта кетеміз, Президент 2025 жылды Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялаған болатын. Бұл бастама еңбек адамының мәртебесін көтеріп, қоғамда жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын дәріптейді.