Жаңалықтар
![](/images/news/01-foto/1.jpg)
Талдықорған сервис және технология колледжінің ұстаздар қауымы мен бүкіл ұжымы «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылданғаны туралы хабарды зор қуанышпен қабыл алды. Осы жақында қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын 09.01.2020 күні колледжіміздің ұстаздар қауымы талқылады. Жиын пікірталас түрінде өтті. Талқылауға колледжіміздің тәжірибелі ұстаздарымен мен жас ұстаздары қатысты.
![](/images/news/18-ood-uroki2/2.jpg)
- Қаралды: 287
Жалпы білім беретін пәндер апталығы аясында қазақ тілі пәнінің оқытушысы Д. Б. Нұрлыбекова С11ПУ тобының қатысуымен «Ақымақ. Болжалдық сан есім. Таза бұлақ. Топтау сан есім» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Оқытудың мазмұны, түрлері мен әдістерін таңдау сабақ мақсатына сәйкес жүргізілді. Сабақ мақсатына жету үшін оқытушы келесі әдістерді қолданды: жалпылама-репродуктивті, индуктивті-репродуктивті.
![](/images/news/16-akbota/1.jpg)
- Қаралды: 454
Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал Адалдық пен Сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс екендігі Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында айтылған. Сондықтан, білімгерлердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен оған деген берік иммунитетін қалыптастыру және өскелең ұрпақпен жұмыс, бала кезінен тұлғаны қазақстандық париотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу бұл оқу орнымыздың мақсаттарының бірі болып табылады.