БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
Жетісу облысы., 040000, Талдықорған қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 173
8 (7282) 30-87-46
8 (7282) 30-87-30
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ
ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК
AA+

Білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үшін инновациялық нысандарды енгізу өзекті болып отыр. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың тиімді формаларының бірі - шеберлік сағаты сияқты заманауи форма. ТСжТК базасында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы, «Кондитер» біліктілігі бойынша өндірістік оқыту шебері Истина Ирина Алексеевна және әлеуметтік серіктес, бесінші разрядты кондитер Коляда Екатерина Витальевнаның қатысуымен  С31П тобында «Мусс торттарын дайындау» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.

Шеберлік сағатының мақсаты:  технологияны игеру және оны іс жүзінде практикада қолдану. Шеберлік сағаты қатысушыларының кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру үшін жағдай жасау. Десертті дайындау тәсілдерін көрсету кезінде педагогтың, әлеуметтік серіктес және білім алушылардың бірлескен жұмыс тәжірибесімен алмасу.

Қатысушыларға арналған тапсырмалар:

  1. Кондитерлік өнімдерді дайындау технологиясымен танысу.
  2. Шеберлік сағаты тақырыбы бойынша білімді, ой-өрісті кеңейту.
  3. Шеберлік сағаты тақырыбы бойынша кондитерлік өнімдер дайындау.
  4. Шеберлік сағаты процесінде коммуникативті қасиеттерді дамыту.

Жұмыс соңында жүргізілген сауалнама мыналарды көрсетті. Сабақта алған іс  тәжірибесі өмірде пайдалы болады және практикалық қызметте қолданылады. Шеберлік сағатына қатысқан студенттер өте белсенді болды, асқан қызығушылықпен қатысты, олар нақты бір мақсат қойып, оны жүзеге асыра білді.  Шеберлік сағаты өз мақсатына жетті.