Талдықорған сервис және технология колледжінің С 11 П топ студенттері, өндірістік-оқыту шебері Калиева С.А. және кітапханашы Исабекова Р.Б. жетекшілігімен, 2023 жылдың 25 қаңтарында, Жетісу облысының М.Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырылған белгілі ақыны Ғали Ормановтың 115 жылдығына орай, «Әдебиет әлеміндегі лирик ақын» тақырыбында өткен мәдени іс-шараға қатысты.
Аталған іс-шарада қойылған көрмедегі ақынның жеке заттары, шығармалары студенттердің поэзияға деген қызығушылығын арттырып, біраз мағлұматтар біліп қайтты. Сонымен қатар, бұл жерде ақынның қызы Жамиға Ғалиқызы Орманова да қатысты, әкесі туралы былай дейді. "Әкемнің бір ерекше қасиеті тез ұғып алатын, ойда сақтау қабілеті өте күшті еді. Өзі өте бала жан еді. Балаларының білімді болғанын жақсы көретін. Бізге «Кітап көп оқыңдар» деп үйрететін. Бала кезімде бір кітап оқып, соның мазмұнын айтып отыр едім, әкем:
- Бұл кітаптың авторы кім?-деді.
- Білмеймін.
- Есінде болсын, адам кітапты қолға алғанда бірінші кім жазғанын білу керек, қарау керек, - дегені әлі есімде. Сосын бізге «Газет оқыңдар, әлемнің тыныс-тіршілігін біліп отырасыңдар, көздерің ашық, сауатты боласыңдар, газет оқымасаңдар болмайды» дейтін.
Ақынның ұрпақтарымен кездесу, студенттердің көз алдында ақындар мың жасайтынының дәлелі болды.
Қалса өлеңім көңілде жаққан шамдай
Ойлар мені ел-жұртым естен алмай,
Көкейінде көп жылдар сақталармын.
Жолаушылап бір жаққа кеткен жандай, - деп Ғали Орманов жазып кеткендей, әрдайым ақындарымызды ойымызда сақтап, есімізге алып жүрейік!