БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
Жетісу облысы., 040000, Талдықорған қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 173
8 (7282) 30-87-46
8 (7282) 30-87-30
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ
ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК
AA+

Талдықорған сервис және технология колледжінде 2023 жылғы 23 қаңтар мен 02 ақпан аралығында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы құзыреттілік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, ауылдық колледждердің өндірістік оқыту шеберлері «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша «WorldSkills қозғалысының кәсіби стандарттарын «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының білім беру процесіне енгізу» тақырыбында 72 сағат көлемінде облыстық тағылымдамадан өтті.

Қатысқандар: Көксу политехникалық колледжі, Алакөл гуманитарлық-техникалық колледжі, Сарқан политехникалық колледжі, Текелі кәсіптік колледжі, Бастөбе сервистік-техникалық колледжі, Жаркент көпсалалы колледжі, Ақсу политехникалық колледжі.

Тағылымдама теориялық және практикалық бөлімнен тұрды, теориялық бөлім онлайн режимінде, ал  практикалық бөлім колледж шеберханаларында өтті.

Теориялық бөлімнің тақырыптары:

  1. WORLDSKILLS (WSSS) стандарттарының сипаттамасы. Сарапшылардың тесттері. Сарапшылардың алаңда өзін-өзі ұстау ережелері.
  2. Инфрақұрылым парағы. Критерии оценивания блюд по стандартам WORLDSKILLS стандарттары бойынша тағамдарды бағалау критерийлері.
  3. Promethean интерактивті панельді қолданатын ойын технологиялары
  4. Таза және жалпы салмағы бар дайындалған тағамдарға технологиялық карталар жасау.
  5. WorldSkills талаптары бойынша демонстрациялық емтиханның ережелері мен ұйымдастырылуы
  6. Қоғамдық тамақтандырудағы сервистік қарым-қатынас тілі ретіндегі кәсіби ағылшын тілі. WorldSkills чемпионатында пайдаланылатын қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру саласында белсенді кәсіби лексиканы қолдану дағдыларын жетілдіру.

Практикалық бөлімнің тақырыптары:

1. Паста-тұздықты дайындау, хош иісті майлар.

Тәжірибелік оқытуды жүргізген: өндірістік оқыту шебері А.В.Зуев.

«Тұздықты-пюре, хош иісті майлар, кілегей соусы мен күрделі гарнирі бар балық тағамдарын» дайындауға арналған практикалық тапсырмалар. Бірінші кезеңде қызылша, сәбіз, асқабақтан жасалған көкөніс пюресі-тұздықтары дайындалды. Екінші кезеңде  жасыл ақжелкеннен хош иісті май жасау көрсетілді.

2. Екі гарнирі мен тұздығы бар балықтан жасалған ыстық тағам.

1 гарнир: өз қолымен тартылған ет қосылған макарон (равиоли).

2 гарнир: жемісті-көкөніс гарнирі.

3 тұздық: шампиньон қосылған кілегейлі тұздық.

4 балық: қуырылған, соңынан булаған судак.

3. Еттен жасалған ыстық тағам. Екі гарнирі бар «Антрекот» және «Наршараб» тұздығы

Тәжірибелік оқытуды жүргізген: өндірістік оқыту шебері С.А. Калиева. Екі гарнирі бар «Антрекот» және «Наршараб» тұздығын дайындау  көрсетілді. Жұмыс барысында технологиялық дайындықтың барлық кезеңдері көрсетілді. Бұл процесте «Наршараб» тұздығы мен гарнирлері бар антрекот дайындаудың барлық технологиялық процесі түсіндірілді, айтылды. Өндірістік оқыту шеберлерімен талқылау барысында технологиялық процестің барлық нюанстарына кәсіби түсініктеме берілді, пісіру әдістері, пісіру кезінде жіберілген қателіктер және оларды жою талқыланды.

4. Тұздығы және гарнирі бар «Павлов» десерті

Тәжірибелік оқытуды өткізген: өндірістік оқыту шебері А.Б. Сабыржанова. Әзірлеуге берілген тапсырма: «Тәрелкедегі десерт: «Павлов» тәтті тоқашын дайындау бойынша тапсырмалар: швейцариялық меренга негізінде, жемісті немесе жидекті конфитті, кілегейдегі кремді толтыру, қазіргі заманғы үрдістерде безендіру және ұсыну.

Қатысушы қонақтар колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, іс-шара туралы өз ойларымен бөлісті. Тәжірибелік сабаққа қатысушылар жасалған тағамдарға жоғары  баға берді. Технологиялық процесс достық және татулық жағдайда өтті. Қатысушылардың әрқайсысы тапсырманы орындауға кәсіби түрде қарады, дайын тағамдармен жұмыс істеу кезінде көркемдік жаңашылдық қоса отыры, шығармашылық танытты. Соңында әріптестер осындай  іс-шараларды өткізуді жақсарту және жетілдіру бойынша кәсіби пікірлерімен, идеяларымен, ұсыныстарымен алмасты.

Колледж шеберлеріне алғыстарын білдірді. Тағылымдама аяқталғаннан кейін құзыреттілік  орталығынан сертификаттар берілді.