Пресс-релиз
27.02.2023 жылы колледж фойесінде С31П, С21П топтарының жетекшілігімен «Аспаздық сиқыр апталығы» атты тақырыптық жиын өтті. Іс-шараның міндеті - білім алушылардың «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы туралы бұрыннан бар білімдері мен қызығушылықтарын арттыру, бекіту, нақтылау және толықтыру.
2023 жылдың 27 ақпаны мен 03 наурызы аралығында Талдықорған сервис және технология колледжінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша ПЦК әдістемелік апталығы өткізіледі.
Әдістемелік апталықтың мақсаты мен міндеттері:
- «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша түлектерді кәсіби даярлау сапасын, теориялық және практикалық даярлау деңгейін анықтау және арттыру, қоғамдық тамақтандыру саласындағы болашақ маманның кәсіби-маңызды тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету;
- Студенттердің кәсіби дағдылары мен білімдерін жетілдіру, білім беру процесіне прогрессивті технологияларды, еңбектің ұтымды тәсілдері мен әдістерін, заманауи педагогикалық технологияларды енгізу;
- Білім алушылар арасында дарынды және шығармашылық тұлғаларды анықтау және олардың облыстық кәсіби шеберлік конкурсына, «WorldSkills-2023» чемпионатына қатысуын ұйымдастыру.
- Жарыстыру және шығармашылық қарым-қатынас ортасын құру;
- Әлеуметтік белсенді, интеллектуалды және шығармашылық дарынды жастарды анықтау және қолдау, себебі Қазақстанда жастар арасында жұмысшы мамандықтарына қызығушылық артып келеді.
- Таңдалған мамандық туралы білім алушылардың ой-өрісін кеңейту.
Әдістемелік апталықты өткізу жоспарын жасау кезінде төмендегілер ескерілді:
- Іс-шараларды өткізудің әртүрлі формалары мен әдістері;
- Іс-шараларға барлық білім алушылардың араласуы;
- Өткізілетін күні, уақыты және орны көрсетілген іс-шаралардың нақты кестесі (жоспары).