6 сәуір 2022ж. Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығынының ұйымдастыруымен «Цифрлық технологиялар мен өндірістегі инновациялық әдістерді оқу үрдісіне енгізу» тақырыбында Республикалық вебинар өтті.
Вебинардың мақсаты: Цифрлық технологиялар мен өндірістегі инновациялық әдістерді оқу үрдісіне енгізудің тәжірибедегі мүмкіндіктерін ұсыну.
Мақсатты аудитория: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженер-педагогтері. Вебинарда Талдықорған сервис және технология колледжі директорының өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары Исламова М.А. «Ақпараттық технологиялар көмегімен әлеуметтік серіктестікті дамыту» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Атап айтқанда, әлеуметтік серіктестікті колледждің веб-сайты www.tksit.edu.kz арқылы дамыту жолдарын көрсетті.