2026 жылғы 31 наурыз күні «Талдықорған сервис және технология колледжі» ШЖҚ МКК-де колледж қызметкерлеріне арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құжаттармен танысу және олардың талаптарын сақтау» тақырыбында отырыс өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты – колледж қызметкерлерін Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарымен, сондай-ақ колледждің ішкі нормативтік құжаттарымен таныстыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.
Отырыс барысында қызметкерлерге колледжде қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, әдеп және қызметтік мінез-құлық кодексі, мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу саясаты, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау тәртібі және өзге де маңызды құжаттар таныстырылды.
Іс-шараны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс-офицер Кеңесбай Елжас Талғатұлы жүргізіп, қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу, қызметтік міндеттерін адал әрі ашық орындау, сондай-ақ анықталған құқық бұзушылықтар туралы белгіленген тәртіппен хабарлау қажеттілігі түсіндірілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша барлық қызметкерлер тиісті құжаттармен танысып, олардың талаптарын сақтауға міндеттеме алды. Колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру және ашықтық қағидаттарын сақтау бойынша жұмыстар тұрақты түрде жалғасын табатын болады.
#1COLLEGETKSIT #1COLLEGE #СыбайласЖемқорлыққаҚарсы #Антикоррупция #Комплаенс #Адалдық #АдалҰрпақ #ТазаҚоғам #НетКоррупции #ЧистаяСессия #ПарасызҚоғам #AntiCorruption
РУС
ENG
ҚАЗ
Пікірлер қосу