БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
Жетісу облысы., 040000, Талдықорған қ, Н.Назарбаев даңғылы, 173/2А
8 (7282) 30-87-46
8 (7282) 30-87-30
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ
"Талдықорған сервис және технология колледжі" ШЖҚ МКК
AA+

«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Jet Up League» атты студенттер арасындағы
шағын футболдан турнир өтті. Қала колледждері мен жоғары оқу орындары арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған «Jet Up League» студенттік шағын футбол турнирі өз мәресіне жетті. Шара жастар арасында спорт мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сананы күшейту және зиянды әдеттерден алшақ болуға үндеу мақсатында ұйымдастырылды. Бұл жолғы додада қала бойынша 12 команда бақ сынап, барлығы 130-ға жуық қатысушы өзара мықтыны анықтады. Турнир командалық рухты, тәртіп пен жауапкершілікті нығайтып, жастарға пайдалы әрі мазмұнды уақыт сыйлады.

*Жүлде қоры иегерлері:
* I орын – АсК тенлау — 100 000 тг
* II орын – ЖУ универ — 70 000 тг
* III орын – Сервис және технология — 50 000 тг

* «Jet Up League» – спорт, тәртіп және салауатты қоғам құндылықтарын біріктірген маңызды студенттік бастама. Жастар арасындағы достық, бірлік және спорт мәдениетін дамытуға бағытталған бұл турнир алдағы уақытта да жалғасын табады.
Ұйымдастырушы: «Jetisu jastary» КММ

#жетісужастары #заң_мен_тәртіп #tipokz2025 #oquagartu #minpros #tipo2025 #talap2025 #Жетісубілім #1COLLEGETKSIT #1COLLEGE

Пікірлер қосу