БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
Жетісу облысы., 040000, Талдықорған қ, Н.Назарбаев даңғылы, 173/2А
8 (7282) 30-87-46
8 (7282) 30-87-30
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ
"Талдықорған сервис және технология колледжі" ШЖҚ МКК
AA+

Талдықорған сервис және технология колледжі «Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Айналайын» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығында өткен маңызды іс-шараға қатысты. Іс-шара барысында колледж өкілдері құрметті қонақ ретінде шақырылып, тәрбиеленушілерге арналған кәсіби бағдар бағытындағы жаңа шағын сыныптардың салтанатты ашылуына қатысты. Шара аясында Талдықорған сервис және технология колледжі мен «Айналайын» балаларды қолдау орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған меморандум аясында колледж тарапынан тәрбиеленушілерге арналған тігінші, аспаз және шаштараз бағыттары бойынша шебер сыныптар өткізу жоспарлануда. Бұл шебер сыныптар балалардың қызығушылығын арттыруға, алғашқы кәсіби дағдыларды меңгеруіне және өз мүмкіндіктерін тәжірибе жүзінде сынап көруіне бағытталмақ. Талдықорған сервис және технология колледжі алдағы уақытта да білім мен тәжірибені ұштастыра отырып, балалардың дамуына үлес қоса беруді көздейді. «Айналайын» орталығының тәрбиеленушілеріне Жаңа ашылған сыныптарда алған кәсіби білімдерің өмірлік жолдарыңа сенім, болашақтарыңа берік бағдар болып, әрқайсыңызды сүйікті ісіңнің шебері болуға жетелесін!

#tipokz2025 #oquagartu #minpros #tipo2025 #talap2025 #Жетісубілім #1COLLEGETKSIT #1COLLEGE

Пікірлер қосу