Талдықорған сервис және технология колледжі 2025 жылдың 30 қыркүйегінде тағам өндірісі мен қызмет көрсету саласының білім беру ұйымдары арасында өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында төртжақты меморандумға қол қойылды.
* Аталған құжатқа:
- Астана қаласының Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі @kopis.astana
- Алматы облыстық қызмет көрсету және тамақтандыру саласы инновациялық технологиялар колледжі @aokitvssip
- Алматы технологиялық колледжі қол қойды @atc_almaty
* Келісімнің басты мақсаты – тағамтану және қонақжайлылық саласында білім сапасын арттыру, тәжірибе алмасу, жаңа инновациялық технологияларды бірлесе енгізу және студенттердің кәсіби біліктілігін дамыту.
Меморандум аясында тараптар бірлескен шеберлік сағаттарын, семинарлар мен ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізуді, өндірістік тәжірибелерді ұйымдастыруды және дуалды оқытуды жетілдіруді көздеп отыр.
Бұл бастама болашақ мамандарды даярлауда сапалы білім беруге, тағам өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласына жоғары білікті кадрларды қалыптастыруға зор үлес қосатынына сенім мол.
#tipokz2025 #oquagartu #minpros #tipo2025 #talap2025 #ИсламоваМолдир #1COLLEGETKSIT #1COLLEGE
Пікірлер қосу