ӨЗДЕРІНЕ СЕНЕТІНДЕР ҮШІН ЖӘНЕ СӘТТІЛІККЕ ҰМТЫЛАТЫНДАР ҮШІН!
Жетісу облысы., 040000, Талдықорған қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 173
8 (7282) 30-87-46
8 (7282) 30-87-30
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
ӨЗДЕРІНЕ СЕНЕТІНДЕР ҮШІН ЖӘНЕ СӘТТІЛІККЕ ҰМТЫЛАТЫНДАР ҮШІН!
СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ
ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК
AA+

Сізді менің блогымда көргеніме қуаныштымын! Менің блогымда сіз өзіңізді қызықтырған сұрақтарыңызды қоя аласыз. Сізді толғандыратын сұраққа жауап алу үшін қабылдауға жазылу міндетті емес, тек блог бетінде өз пікіріңізді қалдыру жеткілікті. Мен сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беруге, сондай-ақ сіз көтерген мәселелерді шешу үшін барлық мүмкіндіктерді жасауға тырысамын. Блогпен жұмыс істеу үшін менің жұмыс күнімнің тәртібінде арнайы уақыт бөлінген. Сіздің жауаптарыңыз бен ұсыныстарыңыз біздің жұмысымызды жетілдіруге мүмкіндік береді. Біздің блогтағы ақпарат тек бүгінгі студенттерге және ата-аналарға ғана емес, сонымен қатар біздің болашақ талапкерлерге де пайдалы болады деп сенемін. Бұл блог сіздің сұрақтарыңызды, ұсыныстарыңызды және ескертулеріңізді тікелей алу мүмкіндігіне ие болу үшін ашық.

Құрметпен, колледж директоры Исламова Мөлдір Анварханқызы

Пікірлер

  • Жанар

    03 Нау 2022

    Қайырлы күн! Алдағы жаңа оқу жылына (2022-2023) математика пәні мұғаліміне бос жұмыс орны бар ма екен? Мен 2021 жыл түлегімін, қазіргі таңда магистратурада (қашықтан, кешкі уақытта) оқып жатырмын. Жұмыс тәжірибем жоқ. Еңбек жолын осы колледжден бастауыма мүмкіндігім бар ма?

  • Базарқұлова Лязат Тілеубайқызы

    03 Нау 2022

    Қайырлы күн, Жанар! Оқуда сәттілік тілеймін. Түйіндемеңізді psh1tald@mail.ru поштасына жолдауға болады, бос жұмыс орны болған жағдайда қарастырамыз.

  • Самал

    16 Қаң 2023

    Сәлеметсізбе! Сізден осы жылғы стипендияның қанша төленетінін білсем болама? Мен биыл ударинктен үздікке көштім! Соған қанша стипендия түсетіні қызық болып тұр! Жауабыңызға алдын-ала көп рахмет!

    • Колледж директоры | Базарқұлова Лязат Тілеубайқызы

      16 Қаң 2023

      Сәлеметсізбе Самал! Сізді озат студенттер қатарына қосылғаныңызбен құттықтаймын! Жарайсыз! Сіз осы уақытқа дейін "4" жақсы бағасына лайықты шәкіртақы алған болсаңыз оның көлемі - 21 787 теңге ("4" - жақсы), ал "5" үздік бағасына лайықты шәкіртақы көлемі - 25 055 теңге ("5" үздік).

  • Айгерим

    21 Ақп 2024

    Сәлеметсізбе! Кешіріңіз колледжішілік КВН қашан болады? Соны ұйымдастырсақ күшті болар еді, күтіп жүрміз!

    • Колледж директоры | Исламова Мөлдір Анварханқызы

      23 Ақп 2024

      Сәлеметсізбе! Қазіргі таңда жоспарда дебат ойындары көрсетілген. Алдағы апталарда 1 және 2 курс студенттері арасында дебат ойындары өткізілетін болады. КВН ойындары көктемге жоспарланған. Алдағы уақытта колледждің ресми ақпарат көздерінде хабарлаймыз.

  • Айжан

    14 Нау 2024

    Сәлеметсізбе, шәкіртақы өседі деп телевизордан, колледждің инстаграмынан көріп едік, сол бойынша білейін деп едім, қай уақыттан бастап ақша қосылады?

    • Колледж директоры | Исламова Мөлдір Анварханқызы

      24 Сәу 2024

      Сәлеметсізбе Айжан! 2023 жылдың қыркүйегінде 250 мың колледж студентінің шәкіртақысы 50%-ға өсті. Биыл қатары 300 мыңға жуықтаған студенттің стипендиясы тағы 50 пайызға артады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Орта буын мамандықтарының студенттері қазіргі 31 422 теңгенің орнына 41 896 теңге алады. Жұмысшы біліктілігі бар студенттер үшін шәкіртақы 32 681 теңгеден 43 574 теңгеге дейін көтеріледі. Шәкірақының өсуі 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап көзделген. Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыс бойынга оқитын студенттерге тамақ пен жолақы сияқты әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Есіңізге сала кетсек, еліміздегі колледждерде барлығы 542 мың студент оқиды. Оның 344 мыңы тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған. Тағыда сұрақтарыңыз болса, күнде жұмыс уақытында маған жолықсаңыз болады. Сонымен қатар сіз "Директор сағаты" аясында өз сұрақтарыңызға жауап ала аласыз! "Директор сағаты", қабылдау уақыты: әр сәрсенбі күні сағат 14:00-16:00.