31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Қазір елімізде ашаршылықты және 1916-1986 жылдары болған саяси қуғын-сүргін кезеңін зерттеу қарқын алды.Ал бұл деректері орналастырып, халыққа ұсынатын жалғыз мекен – мұражай болмақ.
Мұражайдың басты мақсаты – мемлекет және қоғам қайраткерлерінің және жаппай қуғын-сүргіннің құрбандары болған адамдардың құжаттары мен суреттерін жинау, таныстыру және насихаттау.
2018 жылы Алматы облысының Талғар ауданында, Жаңалық ауылында ашылған. Музейдің негізгі атауы – "Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандары" мұражайы. Қазақстандағы қуғын-сүргін құрбандарына арналған ең үлкен әрі беделді музей – осы. Мұражайдың Жаңалық ауылында салынуының себебі: мұнда қуғын-сүргін құрбандары жерленген орын бар, 4 мың құрбан жерленген деседі. Арасында Алаш қайраткерлерінің де сүйегі жатқан көрінеді. Бұған дейін осы ауылда ескерткіш орнатылып, кейін арнайы кешен салынды. Мұражайда қуғын-сүргін жылдары мен жазықсыз құрбан азаматтар, Алаш қайраткерлері, қыршын кеткен боздақтар және Желтоқсан көтерілісі жайлы деректер, экспонаттар мен ғылыми еңбектер жинақталған. Алматы облысы бойынша тұтқынға алынғандардың, соның ішінде қуғын-сүргінге ұшырап, кейіннен ақталғандар ісінің көшірмелері қойылған.
"Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу" залында жазықсыз жазаланған 4125 адамның аты-жөні мәрмәр тасқа қашалып жазылып, қабырғаларына ілінген.
Осы орайда, Желтоқсан көтерілісінің қатысушы ретінде, Талдықорған сервис және технология колледжінің кітапханашысы Исабекова Р.Б. да мемлекет және қоғам қайраткерлерінің және жаппай қуғын-сүргіннің құрбандары болған адамдардың рухына тағзым етіп,, «ТАҒЗЫМ» экспедициясына қатысып, Желтоқсан батырлары Түгелбай Тәшенов, Қайыргелді Күзембаевпен жүздесіп қайтты. Сондай –ақ бұл экспедицияға белгілі қоғам қайраткерлері, жазушы Болат Шарахымбай, Көлбай Адырбеков, Желтоқсан батыры Нұрлан Сүйінов және «Қазақстан дәуірі» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлы қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.