ӨЗДЕРІНЕ СЕНЕТІНДЕР ҮШІН ЖӘНЕ СӘТТІЛІККЕ ҰМТЫЛАТЫНДАР ҮШІН!
Жетісу облысы., 040000, Талдықорған қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 173
8 (7282) 30-87-46
8 (7282) 30-87-30
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
ӨЗДЕРІНЕ СЕНЕТІНДЕР ҮШІН ЖӘНЕ СӘТТІЛІККЕ ҰМТЫЛАТЫНДАР ҮШІН!
СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ
ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК
AA+

2021 жылдың 19 қараша күні «Айбын» облыстық әскери-патриоттық жарысы өткізілді. Жарысқа Талдықорған қаласының "Техникалық және кәсіптік білім беру" ұйымдарының «Жас Сарбаз» клубтарының мүшелері қатысты.

Аталған іс-шара Талдықорған қаласының жастар ресурстық орталығының жетекшілері "Талдықорған агро-техникалық колледжінде" ұйымдастырды. Жарысқа 8 команда қатысты.
Жарыстың мақсаты:
- өскелең ұрпақты Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу және олардың азаматтық сана сезімін қалыптастыру;
- студенттердің ҚР ҚК қызметі туралы және әскери іс негіздері бойынша білімдері туралы түсініктерін қалыптастыру;
- студенттердің өмірлік дағдылары мен қабілеттерін дамытуға ықпал ету;
- студенттер арасындағы бауырмалдық, ынтымақтастық пен достықты нығайту.

Жарыс 2 кезеңнен тұрды:
1. Практикалық кезең.
2. Спорттық кезең.
Практикалық кезеңде АК-74 қаруын «толық емес бөлшектеу және жинау», «толық емес бөлшектегеннен кейін қаруды жинау» және «жалпы әскери қорғаныс құрылымын кию» нормативтерін орындады.

Спорттық кезеңде «кермеге тартылу», «арқаға жату қалпынан денені көтеру», эстафета «досыңа көмектес» және эстафета «жылдам және мерген» нормативтерін орындады. Жарыс барысында біздің студенттер басты жүлдені алуға бар күш-жігерлерін салды. Жекеленген жарыстарда студентіміз Аитова Кристина топ жарып «арқаға жату қалпынан денені көтеру» нормативін 43 рет орындап I орынға ие болды. Жарыстың қорытындысы бойынша біздің команда командалық есепте III орынға ие болып, медальмен, дипломмен және волейбол добымен марапатталды.