2024 жылдың 15 наурыз күні, «Оқуға құштар колледж» бағдарламасы аясында, М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, Жетісу облысының құрылғанына 80 жыл толуына орай, «Архивтер сөйлейді: Тарихи құндылықтар және ұмытылмас деректер» атты көрме ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға, Талдықорған сервис және технология колледжінің кітапхана қызметкері Исабекова Р.Б. бастамасымен , топ жетекшісі Абишев А.Е., өндірістік –оқыту шебері Гмыза Е.А. С және 11ПУ тобының 22 студенттері қатысты.
Мақсаты: студенттерге туған жерінің тарихи құндылықтарын паш ету, Жерін, Елін сүюге, табиғатын аялауға баулу: