2021 жылдың 28-29 қазан айында «Мәңгілік елдің алып тұлғалары» мерейтойлық күнтізбелік күндерге арналған облыстық үздік бейнесабақтар байқауы өткізілді.
Мақсаты: кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушылары арасында Ұлы тұлғалардың мұрасын насихаттау, білім беру саласындағы шығармашылықпен жұмыс істейтін кәсіби білікті педагогтердің тәжірибесін тарату және үздік бейнесабақтарды іріктеу. Қазылар алқасы шешіміне байланысты байқаудың жеңімпаздары қатарында ІІ орынды иеленген Талдықорған сервис және технология колледжінің тарих пәні оқытушысы Андабекова Асем Жанаткановна.