Жалпы білім беретін пәндер апталығы аясында қазақ тілі пәнінің оқытушысы Д. Б. Нұрлыбекова С11ПУ тобының қатысуымен «Ақымақ. Болжалдық сан есім. Таза бұлақ. Топтау сан есім» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Оқытудың мазмұны, түрлері мен әдістерін таңдау сабақ мақсатына сәйкес жүргізілді. Сабақ мақсатына жету үшін оқытушы келесі әдістерді қолданды: жалпылама-репродуктивті, индуктивті-репродуктивті.
Оқушылардың әр түрлі іс-әрекеті, өз бетімен жұмыс істеуі, сабақ барысында оқу материалын шамасына қарай ұсыну сабаққа деген ынталарын дамытуға және сақтап қалуға көмектеседі.
Л.С.Бекованың орыс тілінен өткізген сабағы жақсы психологиялық атмосферада өтті. Сабақтың тақырыбы: «Значение имен существительных. Лексико-грамматические группы имен существительных». Сабақ барысында тақырыпты игеру бойынша оқу процесі мақсаттан нәтижеге дейін жобаланғаны байқалды және бұл өте маңызды сәт. Оқытушы ақпаратпен жұмыс істеудің тиімді әдістерін сенімді және сауатты түрде қолдана білді; сабақта оқушылардың кезеңдік, дербес, интеллектуалды-танымдық және рефлексивті қызметі сәтті ұйымдастырылған; тәжірибелік іс-әрекетте білім мен іскерлікті қолдану үшін жағдай жасалған.
Абай – бүкіл әлем мойындаған дана ұстаз, ақын және адамзаттың данышпаны. Абайдың ұлылығы мен феноменалдығы-ол ұлттық рухтың бекемдігін биік биіктікке көтере алды. Абай кемеңгерлігінің ұлылығы мен феноменалдылығы жырлау арқылы өз жерлестерінің санасына табандылық пен мақсатқа жетуді енгізе отырып, ұлттық рухтың бекемдігін биік шыңға көтере білуінде жатыр. Абайдың 175-жылдығына арналған сыныптан тыс іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Н.Батырчаева өткізді. Мақсаты: Абай шығармаларына деген құрмет пен қызығушылықты арттыру, осы ұлы адам — біздің отандасымыз екендігін мақтан тұту және оқушылардың Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту мен тереңдетуге ықпал ету; өскелең ұрпаққа Абай шығармаларының маңыздылығын көрсету, студенттердің өз отанына деген құрметін арттыру, отансүйгіштікке, өз еліне деген мақтаныш сезімін, туған жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу. Біз Абай тұлғасында осындай лайықты, мақтан тұтатын рухани тірегіміз болғаны үшін тағдырға тағы да алғыс айтуымыз керек.