ӨЗДЕРІНЕ СЕНЕТІНДЕР ҮШІН ЖӘНЕ СӘТТІЛІККЕ ҰМТЫЛАТЫНДАР ҮШІН!
Жетісу облысы., 040000, Талдықорған қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 173
8 (7282) 30-87-46
8 (7282) 30-87-30
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
ӨЗДЕРІНЕ СЕНЕТІНДЕР ҮШІН ЖӘНЕ СӘТТІЛІККЕ ҰМТЫЛАТЫНДАР ҮШІН!
СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ
ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК
AA+

2024 жылдың 16 ақпан күні, сағат 11.00-де М.Тынышпаев атындағы Жетісу облысының тарихи-өлкетану музейініде Ауған соғысының аяқталғанына 35 жыл толуына орай «Ауғанстан мәңгі есте» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті! Осы іс шараға Талдықорған сервис және технология колледжі кітапханашы Исабекова Р.Б. және жатақхана тәрбиешісі Азаматова Л.М ұйымдастыруымен бір топ жатақхана студенттері барды.
Мақсаты:Соғыс кезінде қатерге бел буған майдангер ағаларымыздың батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсеткен, қаһармандық танытқан ерліктері кейінгіге үлгі, болашаққа бағдар болуына ықпал ету.

Кештің құрметті қонақтары: қалалық Ауған соғысы ардагерлері және соғыста шейіт болған Ергапанов Мырзабек Базарбековичтың әйелі сырға толы естеліктерімен бөлісті.
Шараны өткізу аясында майдангер ардагерлеріміздің музейлік заттары негізінде безендірілген көрме бойынша экскурсия аралады.