ӨЗДЕРІНЕ СЕНЕТІНДЕР ҮШІН ЖӘНЕ СӘТТІЛІККЕ ҰМТЫЛАТЫНДАР ҮШІН!
Жетісу облысы., 040000, Талдықорған қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 173
8 (7282) 30-87-46
8 (7282) 30-87-30
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
ӨЗДЕРІНЕ СЕНЕТІНДЕР ҮШІН ЖӘНЕ СӘТТІЛІККЕ ҰМТЫЛАТЫНДАР ҮШІН!
СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ
ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК
AA+

2024 жылдың 07 ақпан күні , Талдықорған сервис және технология колледжі жатақханасында , АӘД пәнінің оқытушысы Абишев А.Е, кітапханашы Исабекова Р.Б. және колледждің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Аппасова Р.У ұйымдастыруымен, «Ауған соғысы ардагерлеріне тағзым!» атты, Ауған соғысы ардагері Есенбаев Мұрат Малтаевичпен кездесу өтті.

Кездесудуің мақсаты: студенттерді Отан алдындағы борыштарын сезінуге, патриоттық рухта тәрбиелеуге, сонымен қатар соғыс ардагерлерін құрметтеу, үлгі тұтуға баулу. Аталған іс-шараға жатақхана тәрбиешілері мен С 11П тобының студенттері атсалыса қатысты.

Атап айтсақ, Саматұлы Мейір мен Рахмет Ақниет іс-шараны жүргізіп, Айткеш Бексұлтан, Саду Амина, Жылқыбек Алинұр және Еременко Диана патриоттық өлеңдер оқыды.

Ауған соғысы ардагеріне қызықты сұрақтар қойылып, нақты жауаптарын алған студенттердің патриоттық сезімдері оянды, әскер қатарына баруға қызығушылықтары артты десек артық болмас. Кездесу соңында колледж студенті Құлатай Сұңқар соғыс ардагеріне арнап, «Атамекен» әнін орындады, құрметті қонағымызға колледж әкімшілігі тарапынан сыйлық беріп, ризашылығымызды білдірдік.