БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
Жетісу облысы., 040000, Талдықорған қ, Н.Назарбаев даңғылы, 173/2А
8 (7282) 30-87-46
8 (7282) 30-87-30
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ
ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК
AA+
О нас в цифрах \Статистика
О нас в цифрах
10500
студентов прошли
обучение в колледже
75%*
выпускников трудоустроены
как *** / ***
150 тыс. тг
Зарплата выпускников +150 тыс после
обучения, +200 тыс. через год

Жетісу облысы, Талдықорған қаласында “Жұмысшы мамандықтар жылы” және "WorldSkills Kazakhstan" чемпионаты аясында “Шаштараз өнері” құзіреттілігі бойынша “Baby Skills” байқауы ұйымдастырылды. Бұл шара Талдықорған сервис және технология колледжінің бастамасымен, Талдықорған қаласы білім бөлімі, №45 “Арман” балабақшасымен бірлесе отырып өткізілді.
Байқаудың басты мақсаты – жас тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, сән мен шаштараз өнеріне қызығушылықтарын ояту, сондай-ақ болашақ мамандыққа алғашқы қадамдарын жасауға мүмкіндік беру.
Іс-шара барысында балаларға әртүрлі шаштараздық дағдыларды орындауға мүмкіндік берілді. Қатысушылар өздерінің қиялдары мен ептіліктерін пайдаланып, ерекше шаш үлгілерін жасап шықты. Байқау соңында барлық бүлдіршіндер арнайы дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды.

- Жалпы, “Baby Skills” байқауының идея авторы және ұйымдастырушысы – "WorldSkills Kazakhstan" чемпионатының "Шаштараз өнері" құзіреттілігі бойынша бас сарапшының орынбасары Хаустова Елена Владимировна. Сонымен қатар, Талдықорған сервис және технология колледжінің басшысы Исламова Мөлдір Анварханқызы, №45 "Арман" балабақшасының меңгерушісі Мамекова Ултуар Мухамеровна, колледж басшысының IT орынбасары Кеңесбай Елжас Талғатұлына, әлеуметтік серіктес Толғанбаева Жазира Серікқызы, "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" пәндік циклдік комиссиясы, балабақша тәрбиешілері, әдіскерлері, ата-аналар, музыкалық жетекші Валитова Мадина Габдулғаниқызы және хореограф Жумаханова Асем Тлеужанқызы тәрбиеленушілердің байқауға дайындығына жетекшілік етіп, сондай-ақ жалпы іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне ерекше үлес қосты.
- Осындай бастамалар балалардың ұсақ моторикасын дамытуға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға және кәсіптік бағдар беруге зор ықпал етеді. Бұл шара Жетісу облысында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және кәсіптік білім беруді насихаттауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
Колледж мобилографы - Жумагельдинова Альбина Жанатқызына ерекше алғысымызды білдіреміз!
#жұмысшымамандықтаржылы