Колледжіміздің С32П тобының білімгерлері екінші біліктілік (3W10130301 - Кондитер-оформитель) бойынша кешенді емтихан тапсырды. Емтихан барысында білімгерлер жыл бойы алған білімдерінің және өндірістік іс-тәжірибенің нәтижесін көрсетті. Әр білім алушы емтихан билеттеріне сәйкес кондитерлік бұйымдарды әзірлеп, бағалауға ұсынды.
Бағалауға «Bazilik» мейрамханасының аспаз-кондитерлері қатысты. Олар білімгерлерге өз кеңестерін айтып, сәттілік тіледі.