Талдықорған сервис және технология колледжінің қызметкерлері мен студенттері арасында бірнеше спорт түрлерінен «Салауатты жас ұрпақ – қоғам байлығы» атты жарыс ұйымдастырды. Колледждің дене шынықтыру пәнінің оқытушылары Абильтаев Б.К., Белижанов Д.С., Расулов А.Р. ұйымдастырған Іс-шара колледждің спорт алаңында өтті. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде колледж директорының міндетін атқарушы Исламова Мөлдір Анвархановна жарысты аша отырып, іс-шара спорт пен дене шынықтыру және салауатты өмір салтын ұстануды кең насихаттауға бағытталғанын белгілеп өтіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Іс-шараға жиырма топ, колледждің педагогикалық ұжымының барлық қызметкерлері қатысты.
Ұйымдастырылған жарыс мақсаты: салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
Нәтижесінде:
Көңілді бастаулар (қыздар)
1 орын С 11 ПУ
2 орын С 31 ПМ
3 орын С 31 ПУ
Арқан тарту (ұлдар)
1 орын С 22 П
2 орын С 31 Эвм
3 орын С 11 Пм
3 орын С 11 ПУ
Барлық жеңімпаз топтар құттықтаймыз!