Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал Адалдық пен Сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс екендігі Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында айтылған. Сондықтан, білімгерлердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен оған деген берік иммунитетін қалыптастыру және өскелең ұрпақпен жұмыс, бала кезінен тұлғаны қазақстандық париотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу бұл оқу орнымыздың мақсаттарының бірі болып табылады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің және Алматы облыстық әкімдігінің жыл бойы ұйымдастырылған шараларына, «Жемқорлықсыз болашақ» ұранымен колледж білімгері Сабыржанова Ақбота, бел ортасында жүріп өзіндік үлесін қосқаны үшін ел ағалары Ақботаны, арнайы жиынға шақырып марапаттады! «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындауда, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілеуде, осы орайда аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін мынадай ұсыныстар айтар едім: Біріншіден, қолма-қол айналымды азайту, есептесудің заманауи электрондық жолдарын кеңейту, есеп берудің ақша айналымын бақылауды жеңілдететін, қолма-қол пара беру мүмкіндігін қиындататын заманауи тұрпаттарын ендіру керек.
Екіншіден, сыбайлас жемқорлықты азайту үшін қызметкерлердің жалақысын көтерген жөн. Бұл ұсыныстар жүзеге асырылса, сыбайлас жемқорлықты айтарлықтай азайуына септігін тигізетіндігіне сенемін. Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында колледжімде тұрақты түрде «Таза сессия» шарасы өткізіліп тұрады. Шараның негізгі идеясы жастарға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру пән экзамендерін таза біліммен тапсыру. Жастардың алған білімдері оларды өмірде туындаған кез келген жемқорлық атаулымен кездестірмейтіндігіне сенгіміз келеді. Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы! Елдің болашағы – жас ұрпақтың қолында»! - Сабыржанова Ақбота, Т11П тобының білімгері