2025 жылдың 24 қаңтар күні, Жетісу облыстық М.Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары» жылы деп жариялауына орай, «Еңбекпен ер атанғандар» атты көрме ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға, Талдықорған сервис және технология колледжінің С 21 ПМ тобы, топ жетекшісі Белижанов Д.С. пен бірге қатысты. Кештің құрметті қонақтары ретінде, Жетісу облысының мәдениет мекемелері, Жетісулық зиялы қауым өкілдері, БАҚ өкілдері. Сонымен қатар, Ескелді ауданының құрметті азаматы, Еңбек Ері Шайбала Әмірисақызы қатысты. Шараны өткізу аясында Социалистік еңбек ерлерінің (Н.Алдабергенов, З.Тамшыбаева) жеке заттары, XX ғасырда ауыл шаруашылығында қолданылған еңбек құралдары, «Ажар» тігін фабрикасы мен «Жетісу» аяқ киім фабрикасының тауарларымен безендірілген көрме бойынша экскурсия жүргізіледі.
Мақсаты: Жұмысшы мамандықтары жылын насихаттау, кәсіптердің мәртебесін көтеру және олардың маңыздылығына баса назар аудару. Сонымен қатар, әр еңбектің лайықты орны бар екендігін өскелең ұрпаққа жеткізу. Жас буынды еңбекке баулуға шақыра отырып, жұмысшы мамандықтары жылының бастамасы арқылы күнделікті қоғамның игілігі үшін жұмыс істейтіндерге қызығушылықтарын ояту.