БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
Жетісу облысы., 040000, Талдықорған қ, Н.Назарбаев даңғылы, 173/2А
8 (7282) 30-87-46
8 (7282) 30-87-30
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ
ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК
AA+
О нас в цифрах \Статистика
О нас в цифрах
10500
студентов прошли
обучение в колледже
75%*
выпускников трудоустроены
как *** / ***
150 тыс. тг
Зарплата выпускников +150 тыс после
обучения, +200 тыс. через год

Бүгін, 18 наурыз 2025 жылы, Талдықорған сервис және технология колледжінің базасында, Талдықорған қаласындағы «Оқушылар сарайымен» @balaalemi.kz бірлесе, «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында, қала мектептерінің оқушылары арасында «Family Skills» аспаздық байқауы өтті. Бұл байқауға Талдықорған қаласындағы «Оқушылар сарайы» — ның «Аспаз» үйірмесінің оқушылары мен олардың аналары, апалары қатысты.
Байқаудың мақсаты — оқушылар арасында жұмысшы мамандықтар саласын насихаттау, аспаздық шеберліктерді дамыту, сондай-ақ ата-аналармен бірге уақыт өткізу арқылы отбасы құндылықтарын арттыру.
Байқау екі модульден тұрады:
- "Аспаз ісі" бойынша — «Тауық тағамы және канапе» әзірлеу.
- "Кондитерлік іс" бойынша — «Капкейк» десертін жасау.

* Қатысушылар өздерінің аспаздық шеберліктерін көрсетіп, әр модульде берілген тапсырмаларды орындады. Қалалық байқау тек қана тағам әзірлеуді ғана қамтымай, қатысушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен командалық жұмысын да бағалау мүмкіндігін берді.

Байқау соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен дипломдар табыс етіліп, үздік аспазшылар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Шараны ұйымдастырушылар осындай іс-шаралар арқылы оқушыларды кәсіби мамандықтарға баулып, қоғамда олардың білімі мен дағдыларына деген сұранысты арттыруды көздейді. Талдықорған сервис және технология колледжі болашақта да осындай қызықты әрі маңызды шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

* Байқау қорытындысы бойынша:
- І орын — Қайыржан Раяна Самғатқызы, №29 мектеп-лицейі, 3 сынып
- ІІ орын — Актаев Амирлан Азатұлы, №5 мектеп-лицейі, 4 сынып @taldlomonosova
- ІІ орын — Ғажи Едіге Ильясұлы, №15 орта мектебі, 7 сынып @15.school.tdk
- ІІІ орын — Мусабекова Альбина Куралбековна, №28 ІТ мектеп-лицейі, 4 сынып @28itmektep_lyceum
- ІІІ орын — Муджай Ақерке Ерланқызы, №12 орта мектеп-гимназиясы, 6 сынып @12omg_tdk
- ІІІ орын — Айтымбет Жамиля Айдосқызы, №17 орта мектебі, 6 сынып 17_mektep_taldykorgan

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
#FamilySkills #1collegetksit
#жұмысшымамандықтаржылы