БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
Жетісу облысы., 040000, Талдықорған қ, Н.Назарбаев даңғылы, 173/2А
8 (7282) 30-87-46
8 (7282) 30-87-30
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ
ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК
AA+
О нас в цифрах \Статистика
О нас в цифрах
10500
студентов прошли
обучение в колледже
75%*
выпускников трудоустроены
как *** / ***
150 тыс. тг
Зарплата выпускников +150 тыс после
обучения, +200 тыс. через год

Өскемен технология және сервис колледжінің базасында «Шаштараз өнері» мамандығы бойынша студенттер арасында «Golden Hand» постижер бұйымдарының кәсіби шеберлігінің қашықтықтан өңіраралық конкурсы өтті. Бұл байқау студенттердің шығармашылық қабілеттерін шыңдап, олардың кәсіби шеберлігін арттыруды көздеген маңызды шара болып табылады.
* Конкурстың негізгі мақсаты — білім алушылардың шығармашылық қызметін дамыту, жаңа білім беру технологияларын тарату және студенттердің кәсіптік шеберлігін арттыру. Бұл мақсатқа жету жолында Астана, Шымкент қалалары, Қарағанды, Атырау, Павлодар, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Ақмола, Қызылорда, Ақтау, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Алматы, Маңғыстау, Ұлытау облыстары мен жақын шетелдерден 36 студент қатысты.

* Конкурс екі номинация бойынша өтті:
1. «Сәукеле сәні»;
2. «Шеберлік тәждері».
* Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арасында "Талдықорған сервис және технология колледжінің" студенттері де көзге түсті.
- С21ПМ тобының студенті Давыдова Людмила «Сәукеле сәні» номинациясы бойынша 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.
- Олиферовская Валерия «Шеберлік тәждері» номинациясы бойынша «Түстердің үздік үйлесімі» номинациясын жеңіп алды.
- Жеңімпаздардың жетекшісі — «WorldSkills Kazakhstan» чемпионатының бас сарапшысының орынбасары, ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК өндірістік оқыту шебері Хаустова Елена Владимировна.

Конкурс қатысушыларына шығармашылық табыс, кәсіби дамуда жаңа жетістіктер мен жоғары мақсаттарға жету жолында сәттілік тілейміз!

@moldir_anvarkhanovna @zhetysu_bilim @talap.edu.kz @godrp.tipo @marlen_kolbaev @dauren_zhunisov @kasiptik_bilim_beru_ortalyqy

#жұмысшымамандықтаржылы