ӨЗДЕРІНЕ СЕНЕТІНДЕР ҮШІН ЖӘНЕ СӘТТІЛІККЕ ҰМТЫЛАТЫНДАР ҮШІН!
Жетісу облысы., 040000, Талдықорған қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 173
8 (7282) 30-87-46
8 (7282) 30-87-30
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
ӨЗДЕРІНЕ СЕНЕТІНДЕР ҮШІН ЖӘНЕ СӘТТІЛІККЕ ҰМТЫЛАТЫНДАР ҮШІН!
СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ
ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК
AA+

2023 жылдың 26-27 қазан күндері аралығында кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің студенттері арасында «Қазақстан Республикасы күніне» орай Талдықорған жоғары политехникалық және Талдықорған жоғары медициналық колледжінің базасында «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық ойыны өткізілді.

Жарыс 7 (жеті) кезеңнен тұрды:

1. «Менің Қазақстаным!» байқауы

2. АК-74 толық емес бөлшектеу және жинау эстафетасы

3. Күш бірлікте әскери-спорттық көпсайысы

4. Әскери-робототехника байқауы

5. “Жауынгерлік парақбайқауы

6. Кермеге тартылу

7. Арқаға жату қалпынан денені көтеру

Жарыс барысында денені көтеру сайысында біздің команданың қыздары жалпы есепте 96 рет жасап 1 орынга шықты. Атап айтқанда олар: Аитова Кристина және Стрельцова Алина.

Әскери-робототехника жарысында Бағдат Абзал 1-ші орын алды.

“Жауынгерлік парақ” байқауында біздің команда 1-ші орын алды.

Жарыстың жалпы қорытындысы бойынша біздің колледждің  “Қыран” командасы 3-ші орынды иеленді. Команда кубокпен, грамотамен және 100000 ( жүз мың) тенге сертификатымен марапатталды.