18 мамыр 2023ж. «Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдастыруымен Жетісу құрылыс-техникалық колледжінде "Облыс экономикасының салаларындағы кадрларды даярлаудың проблемалық мәселелері және колледж түлектерін жұмыспен қамтудағы жаңа бастамалар" атты облыстық семинар өтті. Семинарға Жетісу облысының білім басқармасына қарасты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, басшыларының оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасарлары; Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасының өкілдері; колледждердің жұмыс берушілері мен әлеуметтік серіктестері қатысты. Мақсаты: Облыс экономикасының салаларындағы кадрларды даярлаудың проблемалық мәселелерін талқылау және колледж түлектерін жұмыспен қамтудағы жаңа бастамалар көтеру.
Семинарда Талдықорған сервис және технология колледжі директорының өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары Исламова М.А. колледж түлектерін жұмыспен қамтудағы проблемалар мен жаңа бастамалар туралы баяндады. Семинар соңында талқыланған сұрақтар бойынша ұсыныстар қабылданды.