2024 жылдың, 16 наурыз күні Жетісу облысының М.Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Наурыз мерекесі күніне орай, «Келін түсіру дәстүрі» тақырыбында мәдени шара өтті. Аталған шараға, колледж кітапханашасы Исабекова Р.Б. бастамасымен, Талдықорған сервис және технология колледж жатақхана студенттері қатысты. Мақсаты:дәстүрімізді дәріптеп, ата–бабаларымыздың дүниетанымын қастерлеуге, салтымыздағы ұлттық құндылықтар мен рухани адамгершілік қасиеттерді жас ұрпақ бойына қалыптастыру. Мәдени шара барысында ұлтымызбен бірге жасасып келе жатқан салт дәстүріміздің бірі, келін атанған шақтағы жөн-жоралғысын көрсетіп, беташар рәсімін жасап, отау жүзік салу, отау көтеру салты сынды дәстүрлерімізді жаңғыртып, тәрбиелік мазмұндағы, рухани өнеріміз бен ұлттық құндылығымызды паш ететін қойылымдарды жастарға үлгі ретінде көрсету.