БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
Жетісу облысы., 040000, Талдықорған қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 173
8 (7282) 30-87-46
8 (7282) 30-87-30
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ
ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК
AA+

2023 жылдың 27 қазан күні, Талдықорған сервис және технология колледжінің С 11П топ студенттері, топ жетекшісі Абесбаева А.Ж., колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аппасова Р.У және колледж кітапханашысы Исабекова Р.Б. бастамасымен, Оқушылар сарайында орналасқан Д.А.Қонаев мұражайына саяхат жасап, құнды мағлұматтар алып қайтты.

Мақсаты: Қазақ Елінің тарихи тұлғаларының бойындағы ізгілік, парасаттылық, адамдық, адалдық қасиеттерін дәріптеу арқылы, жас ұрпақтың бойына сіңдіру; жастарды өз Елін, Жерін сүюге және халқына адал қызмет етуге баулу.

Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (1912—1993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері. Алматы қаласында, қызметкерлердің отбасында өмірге келген.

Д. А. Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең сезініп, қолдай білді.Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білген абзал азамат 1993 жылы тамыздың 22-інде, 82 жасқа қараған шағында қайтыс болды.