БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
Жетісу облысы., 040000, Талдықорған қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 173
8 (7282) 30-87-46
8 (7282) 30-87-30
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ
ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК
AA+

«Еңбек ардагері» Қазақстан республикасының оқу-ағарту министрінің төс белгісімен марапаттауға ұсынамыз.

1. Тегі, аты, әкесінің аты: Базаркулова Лязат Тилеубаевна
2. Лауазымы, жұмыс, қызметі орны: «Талдықорған сервис және технология колледжі» ШЖҚ МКК, колледж директоры
3. Жынысы: әйел
4. Туған жылы мен туған жері: 25.11.1960 т.ж. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Рославль ауылы
5. Ұлты: қазақ
6. Білімі: Жоғары, І. Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институты, Талдықорған қ, «Орыс тілі және әдебиеті мұғалімі» 1980-1985 ж
7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, арнайы атағы жоқ 
8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен наградталған және наградталған уақыты: 
- «Қазақстан Республикасының Білім Беру Ісінің Құрметті Қызметкері» белгісі, 2016 жыл;
- «Ерен еңбегі үшін» медалі, 2016 жыл.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі, 2019 жыл;
- Мерекелік төсбелгілер
9. Жалпы жұмыс өтілі: 45 жыл
10. Саладағы жұмыс өтілі: 39 жыл
11. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 5 жыл 11 ай
12. Наградталушының нақты айрықша еңбегін сипаттайтын мінездеме: Базаркулова Лязат Тилеубаевна 1960 жылы 25 қарашада Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Рославль ауылында туылды.

Еңбек жолын 1978 жылы балабақшада тәрбиешіден бастап, Жамбыл ауданы, Рославль ауылында аға пионервожатый болып жұмыс істеді. 
1980-1985 жылдары І. Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтын бітірді.
1985-1987 жылдары Кербұлақ ауданы Қызылжар орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып істеді. 
1987-1992 жылдары Қазақстан ЛҚЖО-ның Кербұлақ аудандық комитетінің хатшысы, Талдықорған облыстық комсомол комитетінің хатшысы болып қызмет атқарды. 
1992-2002 жылдары Талдықорған малдәрігерлік техникумы директорының орынбасары, Талдықорған экономика-технологиялық колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары. 
2002-2008 жылдары Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.
2008-2011 жылдары Алматы облысы білім басқармасының бастығы болып қызмет атқарды. 
2011-2016 жылдары Маңғыстау облысы, Оңтүстік-Қазақстан облыстарының білім беру саласындағы бақылау департаментінің директоры, "Назарбаев зияткерлік мектептері" ДББҰ, педагогикалық шеберлік орталығының үйлестіру бөлімінің бастығы.
2014-2017 жылдары Алматы облысы білім басқармасының басшысы болған.
2017 қазан айының 12-нен қазіргі кезге дейін МКҚК «Талдықорған сервис және технология колледж» директоры болып қызмет атқарады. Еңбек өтілі – 45 жыл, жалпы педагогикалық өтілі – 39 жыл.
Қазіргі уақытта Талдықорған сервис және технология колледжінің директоры. 
Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттерге ие бола тұра, адамгершілік қасиеттері мен біліктілігі, кейінгі ізденімпаз буынға үлгі.