БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
Жетісу облысы., 040000, Талдықорған қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 173
8 (7282) 30-87-46
8 (7282) 30-87-30
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ
ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК
AA+

2022 жылдың 31 наурызында «Жас маман» жобасы аясында Талдықорған сервис және технология колледжінде «Шоколадты қыздыру және салқындату, одан өнімдер дайындау»  тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатын  аймақтық WS-чемпионатының бас сарапшысы, Алматы экономикалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Сейтбекова Асем Кайратовна жүргізді.

Шеберлік сағатында какао майына  майда еритін титан диоксидін (бояғыш) қосу арқылы бояғыш дайындау; кәмпиттер бетінің құрылымы  түрлі-түсті болуы үшін аэрограф пен қылқаламның көмегімен поликарбонат формаларына дайын бояғышты жұқалап жағу; шоколадтың үш түрін: қара, сүтті және ақ шоколадтарды қыздыру және салқындату әдістерін көрсетті. 

Шоколадты қыздыру және салқындату процесінде барлық кезеңдер көрсетілді: шоколадтың түрі (ақ, сүтті, қара); қыздыру мен салқындатуға арналған температуралық режимдері; қысқа толқынды пеште импульспен қыздыру процесі; қыздыру және салқындату кезіндегі температураны өлшеу; шоколадтың дайындығын анықтау; массаны суық мәрмәр тақтайшаға құю және шпательдің көмегімен араластыру; қоюландыру (шоколад және какао майы молекулаларының кристалдануы); шоколадты жұмысқа қажетті температураға дейін жеткізу; қыздырылып, салқындатылған шоколадты корпустық кәмпиттерге арналған поликарбонатты қалыптарға құю және қалыптармен жұмыс істеу (спиртпен майсыздандыру); шоколадты қалыптан құю әдісі; кәмпиттерді толтыру (ганаш: манго-маракуйя, пралине, грек жаңғағы қосылған ганаш); корпустық кәмпиттердің негізін құю; құйылған кәмпиттерді 200С төмен температурада салқындату; дайын кәмпиттерді қалыптардан алу, олардың сапасын бағалау (шоколадтың жылтыр болуы, кәмпиттердің бетін бояу, мүмкін болатын корпустық ақаулар); дайын  болған  кәмпиттердің дәмін көру.

Шеберлік сағатын өткізу барысында корпустық кәмпиттерді дайындаудың және қыздыру мен салқындатудың барлық технологиялық  процесі толық түсіндірілді, айтылды. Қатысып отырған өндірістік оқыту шеберлері мен білім алушыларға технологиялық процестің барлық нюанстары туралы кәсіби түсініктеме берілді, құю және салмасын дайындау әдістері, қыздыру мен салқындату кезінде жіберілген қателіктер және оларды жою барысы талқыланды.

Шеберлік сағатына Талдықорған сервис және технология колледжінің өндірістік оқыту шеберлері мен студенттері, Агротехникалық колледждің өндірістік оқыту шеберлері мен студенттері, Ақсу политехникалық колледжі,  Қапал кәсіптік-техникалық колледжі, Бастөбе сервис және технология колледжі, Көксу политехникалық колледжінің өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Талдықорған сервис және технология колледжі «Жас маман» жобасы аясында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша өзінің құзыреттілік орталығы базасында ауылдық колледждерге әдістемелік, консультациялық көмек көрсетеді.

Шеберлік сағаты аяқталғаннан кейін әріптестер осындай  іс-шараларды өткізуді жақсарту және жетілдіру туралы кәсіби пікірлер, идеялар, ұсыныстармен өзара алмасты.

Асем Қайратқызына шеберлік сағатын тамаша өткізгені үшін алғыс білдірді. Шеберлік сағатының соңында  біздің әріптестеріміздің шеберлік сағатын өткізуге ат салысқандары үшін құзыреттілік орталығынан сертификаттар мен алғыс хаттар берілді.