07.02.2022 мен 11.02.2022 аралығында ТСжТК-де 10120100 «Шаштараз өнері» мамандығы бойынша циклдік апталық өткізілді.
Апталық іс – шараларының мақсаты – оқушылардың таңдаған мамандығына қатысты белсенді ұстанымын қалыптастыру, оқушыларды білім беру процесіне тарту, оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін дамыту, неғұрлым қабілетті оқушыларды анықтау.
Пәндік апталыққа циклдік комиссия құрамына кіретін барлық оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Циклдік комиссияның апталығын өткізу басталғанға дейін циклдік комиссия отырысында оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері іс-шаралар жоспарын талқылап, колледж директоры және өндірістік оқу ісі жөніндегі орынбасармен бекітілді. Аптаның барлық іс-шаралары жоспарға сәйкес өтті.
07.02.2022 - 08.02.2022 «Professional beauty» маникендегі шаш үлгісі мен шаштан жасалған бұйымдардың (постижер) көрмесі.
Тобы: С21ПМ
Ө/о шебері: Хаустова Елена Владимировна.
2. Шеберлік сағаты. 09.02.2022 ж.
Тақырыбы: «Әр түрлі ұзындықтағы шаштарды электр қысқыштарды қолдана отырып сәндеу»
Тобы: С11пм
Ө/о шебері: Кенжебекова У.Б
«Өз ісіңізді жақсы көруіңіз керек, содан кейін еңбек – тіпті ең өрескелі де – шығармашылыққа дейін көтеріледі» – Максим Горький.
2022 жылдың 9 ақпанында «Шаштараз өнері» мамандығы бойынша №211 шеберханасында жас педагог, өндірістік оқыту шебері Кенжебекова Ұлбосын Бейсенбекқызының сүйемелдеуімен «Әр түрлі ұзындықтағы шаштарды электр қысқыштарды қолдана отырып сәндеу» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.
Ұлбосын Бейсенбекқызы шеберлік сағатында жай ғана білім беріп қана қоймай, қатысушыларды да процеске қатыстыруға, олардың белсенділігін арттыруға, әркімнің ішінде жасырылған дарынын оятып, өзін-өзі дамытуға не кедергі екендігін түсінуге және оны жоюға да көмекте білді. Студенттер термореттегіші бар түзеткіш-үтіктің көмегімен шашты бұйралау техникасына жоғары қызығушылық танытты.
Электр қысқыштарымен шашты сәндеу қазіргі заманғы шаштараз мамандары шеберлігінің ерекше түрі болып табылады.
3. ПМ03 Шаш сәндеу: модулі бойынша ашық сабақ. 10.02.2022
Тақырыбы: «Шашты сәндеу туралы жалпы ақпарат». Тобы: С11ПМ
Оқытушы: Дорошенко Д.Р.
4. Өндірістік оқытудың ашық сабағы. 11.02.2022
Тақырыбы: «Омбре» шаш бояу. Тобы: С21ПМ
Ө/о шебері: Хаустова Елена Владимировна