«Педагог мамандығы тұлғаның эмоционалды жағына айтарлықтай талаптар қояды. Бұл «жүрек пен жүйкенің жұмысы», яғни күнделікті орасан зор ақыл-ой күшін қажет етеді». (В.А.Сухомлинский)
2024 жылдың 8 қаңтарында жалпы білім беру пәндері комиссиясы колледж психологы Ж.Ж.Жолдасовамен бірлесіп «Педагогтың эмоционалды күйінуі: себептері мен алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында педагогтар мен өндірістік оқыту шеберлері эмоционалды күйінудің негізгі себептерін анықтауға және табуға тырысты, күйіну синдромының дамуына әсер ететін факторларды қарастырды, ал психолог осы синдроммен қалай күресуге болатындығы туралы кеңестер берді. Семинардың әрбір қатысушысына оны қалай тануға және онымен қалай күресуге болатыны туралы пайдалы кеңестері бар жадынама берілді.