Бүгін 14-наурыз күні колледжімізде “Жұмысшы мамандық жылы” аясында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы 4S10130303 «Технолог» біліктілігі бойынша «Жаңа талаптарды ескере отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру және үйлестіру» республикалық практикалық-семинары өтті.
* Семинардың мақсаты:
- «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы, 4S10130303 «Технолог» біліктілігі бойынша оқытудың мақсаттары, нәтижелері мен мазмұны, білім беру процесін ұйымдастыру, оларды жүзеге асыру жолдары мен әдістері, оқыту нәтижелерін бағалау критерийлері енгізілген білім беру бағдарламасын әзірлеу тәртібін анықтау;
- педагогикалық тәжірибені жалпылау, алмастыру және тарату арқылы педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру.
* Семинарға
- жоғары оқу орындарының өкілдері, колледж директорларының оқу жұмыс жөніндегі, оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік серіктестер, арнайы пәндер оқытушылары және колледждердің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
* Алматы қаласының Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінен @kaznaru_official және Алматы технология колледжінен @atc_almaty әріптестеріміз келіп өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен Алматы технология колледжімен ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Алматы технология колледжінен келген өндірістік оқыту шебері өз шеберлігімен бөлісті. Семинар қатысушыларына Білім басқармасының атынан сертификат табысталды.
#1collegetksit #меморандум #ынтымақтастық #жұмысшымамандықтаржылы