БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
Жетісу облысы., 040000, Талдықорған қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 173
8 (7282) 30-87-46
8 (7282) 30-87-30
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ
ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК
AA+

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау, құқықтық сананы қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы алынған ақпаратты дұрыс қабылдай білуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2021 жылғы 27 қазанында облыстық «Саналы ұрпақ» ерікті клубының слеты өткізілді.

Жемқорлыққа қарсы тұру – Қазақстан саясатындағы аса маңызды стратегиялық басымдықтың бірі әрі бірегейі. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың үлкен орын алатындығы айтпаса да түсінікті. Осыған орай студенттер мен педагогтерге жауапты міндет жүктеледі. Алматы облысындағы білім беру кеңістігінде жасөспірімдердің мінез-құлқында жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру мақсатты әрі жүйелі түрде жүргізіледі. Осы бағыттағы жұмыстарда «Саналы ұрпақ» ерікті клубтарының орны ерекше.

Жарыс қорытындысы бойынша:

Бас жүлде иегері – Сарқан политехникалық колледжі;

І орын иегері - Талдықорған сервис және технология колледжі;

І І орын иегері – Талдықорған жоғары политехникалық колледжі;

І І І орын иегері – Қапал кәсіптік – техникалық колледжі;

«Үздік антикоррупциялық бейнеролик» номинациясы бойынша Талдықорған агро-техникалық колледжі;

«Үздік акция және флешмоб» номинациясы бойынша Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі;

«Үздік тематикалық іс-шара» номинациясы бойынша С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжі.

Жоғарыда көрсетілген жеңімпаздар, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті нығайту жөніндегі бастамалар мен  жемқорлыққа қарсы шараларға белсене қатысқан клубтар номинациялар бойынша бағалы сыйлықтармен, мадақтамалармен марапатталды.

Әрбір қазақстандық, әрбір отбасы жемқолықпен күрестің қоғамға ортақ іс екендігін, сонымен бірге әр азаматтың борышы болып саналатындығын жете түсінуге тиісті. Сондықтан да студенттерді отансүйгіштікке, қоршаған орта мен салт-дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке құлшынысқа, тәртіптілік пен адалдыққа баулу керек. Білім мен тәрбие адам бойында жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуының негізі болып саналады. Жемқорлыққа қарсылық білім берудің барлық сатысында жүргізілуге тиісті және мемлекеттік білім стандарттары аясында, жалпы білім беру бағдарламаларына негізделген, қоғам мен мемлекеттің, жеке тұлғаның мүдделеріне ыңғайластырылған білім беру мен тәрбиелеудің мақсатты үдерісі ретінде ел игілігіне қызмет етуге міндетті.

«Саналы ұрпақ» ерікті клубтарын осы тұрғыда студенттер бойында жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыратын, құқықтық сана мен мәдениеттің деңгейін арттыратын ерікті бірлестік ретінде қабылдауға болады. Бұл қозғалыс жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, құқықтық білімді де кеңінен насихаттайды.