ӨЗДЕРІНЕ СЕНЕТІНДЕР ҮШІН ЖӘНЕ СӘТТІЛІККЕ ҰМТЫЛАТЫНДАР ҮШІН!
Жетісу облысы., 040000, Талдықорған қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 173
8 (7282) 30-87-46
8 (7282) 30-87-30
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
ӨЗДЕРІНЕ СЕНЕТІНДЕР ҮШІН ЖӘНЕ СӘТТІЛІККЕ ҰМТЫЛАТЫНДАР ҮШІН!
СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ
ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК
AA+

"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Алматы облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Талдықорған қалалық  тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы" РММ Талдықорған сервис және технология колледжінің 1 курс студенттерімен «СНЮС деген не және оның қаупі» атты тақырыпта кездесу өтті.

Аталған мекеменің бас маманы Қарасаева Айнагүл Өтемісқызы, өз сөзінде: «Бүгінгі таңда СНЮС дегеннің не екенін көп адам біледі! СНЮСты қолдану - денсаулықты қалпына келтірмейтіндей зиян келтіреді, ауыз қуысының қатерлі ісігінің және жүрек-қан тамырлары ауруларының, психикалық бұзылулардың пайда болуына әкеледі. Снюстарды үнемі қолдану нәтижесінде дененің өсуі баяулайды немесе тоқтап қалуы мүмкін, есте сақтау және ұқыптылық нашарлайды, агрессия мен тітіркену пайда болады, иммунитет әлсірейді, организм жұқпалы ауруларға сезімтал болады, ауыз қуысының, асқазанның және ұйқы безінің қатерлі ісігі қаупі жоғары болады»- деп атап өтті.